Жаңалықтар

Ұлттық спорт тоғызқұмалақтан универсиада басталды

  • Ұлттық спорт тоғызқұмалақтан универсиада басталды

    Ұлттық спорт тоғызқұмалақтан универсиада басталды

Жақында Түркістан қаласы, Ахмет Ясауи университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының және ХҚТУ «Спорт клубының» ұйымдастыруымен тоғызқұмалақ спорт түрінен ЖОО арасындағы ІХ жазғы универсиаданың ашылу салтанаты өтті.

22-27 қазан күндері өтетін ерлер және қыздар арасындағы тоғызқұмалақ ойынына 9 ЖОО-дан жалпы 16 команда қатысып бақ сынауда.

Спорт бәсекесінің ашылуында Халықаралық дәрежедегі төреші, ХҚТУ «Дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Қ.Дәуренқұлов, Ұйымдастыру және тәрбие ісі жөніндегі вице-президент, профессор Б.Мухамеджанов сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Универсиадада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің командалары ойын көрсетеді.

Ойынның Бас төрешісі – Халықаралық дәрежедегі төреші Қ.Дәуренқұловтың айтуынша, зияткерлік ойынға қатысушы 71 спортшы реттелмелі Швейцар жүйесі бойынша ойын көрсетеді (ойыншылардың немесе командалардың рейтингілеріне сәйкес өткізу). Қатысушылар арасында спорт шебері - 11, спорт шеберлігіне үміткер – 21, І дәрежелі – 39 спортшы жастар бар. 9 қыздар командасы – 7 тур бойынша, 7 ұлдар командасы – 5 тур бойынша зияткерлік қабілеттерін танытады.


А.Сәдібеков университет баспасөз қызметінің басшысы.

 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 26.10.2017, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек 2017
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31