Ұстаз ұлағаты

Ұстаз ұлағаты

Жақсы адам жайлы жарты бет жазу
үшін жарты жыл ойланасың.
МұХаБа.

Ең алғаш кезде мен ұстазым, ғылымдағы әкем Махатов Болатхан Махатұлын көргім келмей қашып жүрдім. Себебі де бар еді, 2005 жылы университетте оқытушы қызметіне қалдырылдым, сол жылдың күз кезінде аспирантураға күндізгі бөлімге конурск арқылы қабылданып оқуға түстім. Негізгі бітірген мамандығым биолог-аңшылықтанушы мамандығы еді. Жаңадан ашылған мамандық әрі мамандардың жоқтығынан аспирантурасы жоқ еді. Сол себепті сәйкес келеді деген 06.02.04 – дербес зоотехния, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы мамандығына аспирантураға түстім. Жетекші таңдау кезінде сол уақыттағы «кей» ағалардың келеңсіздіктерінен біраз уақыт жетекшісіз жүрдім. Жетекшінің міндетті түрде болу керектігін және бағыт бағдар көрсетіп тұратын, ғылыми жұмыстың негізгі ұғымын айтатын сол кездегі Анимология институтының директоры Макбуз Аманжол ағамыз университетте Махатов Болатхан деген аған бар, сол кісіге жолық деп кеңес берді. Содан біраз уақыт өткен соң кездесіп қалғанда бардың ба деп сұрады, бармадым деп едім, бару керектігін қадап айтты. Бармаған мені тағы бір айдан соң кабинетіне шақырған Макбуз Аманжол ағам себебін сұрады, «кей» ағалардың бірі шығар деп бармадым дедім. Телефоннан звандап қәзір барады деді де мені Болатхан Махатұлына жіберді. Бардым, Болатхан ағам сұрайды, мен жауап беремін, солай жөн сұрасып таныстық. 2-сағаттай болған әңгіме әсері болар, алғашқыда аяғымды әзер басып келген мен әңгіме соңында үлкен міндет қойып «үлкейіп» қайттым. 

Солай бөдене дейтін ғажайып құсты зерттеу жұмысы басталды. Ұстазым бағыт бағдар беріп әрі талап еткен нәтижелерін дер кезінде орындап отырғандығым болар 2008 жылдың 12-желтоқсанында «Жергілікті бөдене популяциясының өнімділік қасиеттері» тақырыбындағы кандидаттық диссертациямды қорғадым. Ғылым жолында дұрыс бағдар берген ұстазымының өмірлік ұстанымы ерекше. Абай атамыздың қара сөздерін сөз арасында келтіріп отыратын ұстазым ғалым ғана емес, әдемі ауызекі әңгіменің шебері.
Менің ұстазым - талантты адам, себебі кісі бойындағы әдемі адами қасиеттерді ертерек көріп бағалай біліп әрі жол көрсетіп, көмек көрсетін биік жан. Шаршаған кезінде өлең оқышы деп өлең оқытатыны да бар. Өлең жазады.
Менің ұстазым- өмірінде кітапты айнымас дос етіп үзбей кітап оқып пікір білдіретін ой иесі. Оқыған кітаптарындағы кейіпкердің ауызына керемет сөз салатын мықты авторларға ризашылығын айтып отырады.
Мейірім мен шапағат азайған заманда көзіне көрінген жан баласына қамқорлық сыйлайтын ұстазымның бойында ерекше қасиеті бар.
Менің ұстазым- адамдарды адалдыққа істері арқылы тәрбиелей алатын текті жан. Текті әулеттің текті ұрпағы болғандықтан болар тек биігін көрдім. Ешқашан биігінен төмендеген емес. Тіпті елдік мұратты алдыңғы орынға қойып, жеке отбасы істерін кейінге қалдыратын ғажайып жан.
Менің ұстазым- жаңалыққа толы өмірді қалайтын жандардың жабықпауын, солардың қамықпауын іздейтін ұстаз.
Менің ұстазым- адам баласына сенімнің сертін санаңа сіңіріп, уәденің беріктігін бойына бойлата алатын тұлға.
Солай ағайын басында қашып қәзір қатты құрмет қылатын жан жайында жазу жеңілде әрі ауыр келеді екен. Жеңіл келетін себебі ойына тек жақсы иірімдер оралып, жылдам жазылады, ал ауырлығы жақсылығын аша алдым ба не болмаса кейбір жерлерін ұмытып кетпедің бе деген күдіктенесің.
Менің ұстазым- замандастарының алдында биіктеп кеткен тау тұлға.
Менің ұстазым - жан дүниесі қаламаса ұсынылған биік қызметтерден бас тартатын ар иесі және көптеген салаларды кең меңгерген үлкен білім қазынасы.
Менің ұстазым, ғылымдағы әкем Болатхан Махатұлы Махатов Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының құрметті академигі, Моңғолия Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор және де көптеген марапаттардың иесі - ұстазым адалдықтың биігінен түспеген азамат.

Аса құрметпен:
шәкіртіңіз, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі,
еліміздегі тұңғыш бөдене құсын зерттеген ғалым
Мұхтар Қасенұлы Байбатшанов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста