Жаңалықтар

Ұстаздарға жеңілдікпен үй берілуі мүмкін

  • фото: Нұржас Жақсыбай.  ©baq.kz

    фото: Нұржас Жақсыбай. ©baq.kz

Мұғалімдерге алғашқы жарнасыз жеңілдікпен үй алуға мүмкіндік берілуі ықтимал. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Кабимолдаева мәлім етті.


Бүгін Астанадағы №59 мектепте «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заңының жобасы талқыға салынды. Шараға ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысты.


Заң жобасындағы ұсыныстарды мұғалімдерге Сәуле Кабимолдаева таныстырды.


Оның айтуынша, аталған құжат ұстаздарға жеңілдікпен үй беруді көздейтінін жеткізді.


«Педагогқа алғашқы жарнасыз жеңілдікпен үй алуға әлеуметтік кепілдік беріледі. Сонымен қатар оның қызметтік үй немесе жатақхана алуға мүмкіндігі бар. Қызметтік үйде тұрып жатқан мұғалім отбасының мүшелері, ұстаз қайтыс болған жағдайда қызметтік үйді қалдық құны бойынша сатып алуға ықылас танытса, күшпен үйден шығарылмайды. Барлық санаттағы мұғалімдерге жыл сайынғы күнтізбелік 56 күнді құрайтын ақылы еңбек демалысы беріледі», - деді ол елордадағы №59 мектепте өткен қоғамдық тыңдау барысында.


Сонымен қатар Сәуле Кабимолдаева аталған заң аясында еркек педагогтар отан алдындағы әскери қызметін өтеуді кейінге қалдыра алатынын атап өтті.


«Мұғалімдер мәртебесі туралы» заң осы жылдың ақпан айында Мәжілісте қаралады.


Осыған дейін мұғалімдер қашан зейнетке шыға алатынын, мұғалімдердің еңбегін заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылатынын және заңның қашан қабылданатынын жазғанбыз. Сонымен қатар, үздік ұстазға жаңа мемлекеттік награда берілуі мүмкіні айтылған болатын.


Айта кетейік, өткен жылы Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке мұғалім мәртебесі туралы заң жобасын дайындауды тапсырды.


Ал Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Сенатта өткен Үкімет сағатында аталған заң жобасының дайындала бастағанын мәлімдеген.


baq.kz


 




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы
    5 Желтоқсан 2018
    Елбасы – елдің тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31