Жаңалықтар

Вице-министр мұғалімдер жалақысына үстеме қосу тәртібі қандай болатынын айтты

  • Вице-министр мұғалімдер жалақысына үстеме қосу тәртібі қандай болатынын айтты

    Вице-министр мұғалімдер жалақысына үстеме қосу тәртібі қандай болатынын айтты

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа аттестациялау жүйесін енгізуге байланысты, мұғалімдер жалақысына үстеме қосу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта біліктілікті растаудың жаңа жүйесі әзірленіп жатыр.


Жаңа жүйе екі кезеңнен құралады. Алдымен педагогтар ұлттық біліктілік тестін тапсырады. Одан кейін педагог қызметінің кешенді қорытындысы жүргізіледі. Осылайша, өз біліктілігін дәлелдеген мұғалімнің еңбекақысы 20-50% аралығында көбейеді.


Өткен және алдыңғы жылдары өз біліктіліктерін растаған мамандар үшін үстемеақының ескі жүйесі сақталатын болады.


«Қазіргі заңнамаға сәйкес, бұл біліктіліктер 5 жылға дейін жарамды және заңды ешкім өзгертпейді. Сондықтан, барлық ескі санаттар мен оларға тағайындалған үстемеақылар сақталады», – деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.


Сондай-ақ, мұғалімдер өз қалауымен жаңа жүйеге сәйкес біліктіліктерін көтеріп, жаңа кесте бойынша үстеме ақы алуына мүмкіндік бар.


Еске сала кетсек, ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес, 2018 жылы ұлттық біліктілік тестін енгізу жоспарланған. 




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.01.2018, 21:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31