Жаңалықтар

Вице-министр мұғалімдер күні қарсаңында көше тазалаған ұстаздар туралы түсініктеме берді

  • © РИА Новости

    © РИА Новости

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мұғалімдер күні қарсаңында көше тазалауға шыққан ұстаздарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер білім және ғылым вице-министрінен Павлодарда ұстаздардың неге дәл мұғалімдер күні қарсаңында, яғни сенбі күні көше тазалауға шыққанын сұрады.


"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз "Педагогтардың мәртебесі туралы" заң әзірлейміз. Онда мұғалімдерді қоғамдық, міндетіне кірмейтін жұмыстарға жегуге тыйым салынады. Әлеуметтік желілерде осы ақпарат тарағаннан кейін, біз бірден Павлодардағы мектеп басшылығына хабарластық. Олар мұғалімдер жай ғана өз мектебі аумағында сенбілікке шыққанын айтты. Ал ол аумақтың мектепке іргелес емес, айдалада орналасқанын мен сіздерден естіп отырмын. Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін, мен бұл жайында қайтадан сұрастырып, анықтайын", — деп уәде берді вице-министр.


Ол "Педагогтардың мәртебесі туралы" заң қабылданнан кейін, заңды бұзғандар жауапқа тартылатынын айтты.


"Мұғалімдерді қосымша жұмыстарға жекпеу туралы бұрыннан айтып келеміз. Енді заң қабылданғаннан кейін, оны ешкім бұзбайды деп ойлаймын", — деді Суханбердиева.


Сондай-ақ, вице-министр депутаттар болсын, үкімет мүшелері болсын, кез келген азаматтың қала тазалығы үшін сенбілікке шығуын қолдайтынын айтты.


 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.10.2018, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:25
    Елбасы – елдің тірегі
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31