Жаңалықтар

Ынтымақтастық аясындағы кездесу

  • © Егемен Қазақстан

    © Егемен Қазақстан

Жақында Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулдығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беруге дайындық кафедрасының мүшелерімен кездесу өтті.


Қазақстан мен Қытайдың арасында мәдениет пен білім саласында белсенді ынтымақтастық орнаған. Әсіресе, білім саласында атқарылған шара аз емес. Әріптестігімізді нығайтуға арналған кездесу білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беруге дайындық кафедрасы – шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін жоғары дәрежеде оқытатын көшбасшы кафедралардың бірі. Шетелдік азаматтарды қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандыруда, білім берудің сапасын көтеруде, мәдениетаралық байланысты дамытуда және Қытайдың жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті дамыту барысында кафедраның қызметі зор.


Кездесу барысында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің декан орынбасары Ж.С. Нұржанова факультет тарихымен, жалпы жағдайымен, білім жүйесімен, оқу-әдістемелік жұмыстарымен таныстырды. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Қ. Ихсангалиева кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарымен таныстырып, оқу-әдістемелік жабдықталуы, ерекшеліктері мен басым тұстары туралы мәлімдеме жасап, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру, ғылыми байланыстар орнату туралы ұсыныстар жасалды.


Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулы Ваң Си Пин мырза «Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-мәдени байланыс» тақырыбында баяндама жасады, сондай-ақ ҚХР консулдығының өкілдері Қытай еліндегі жоғары оқу орындарының тарихымен, білім берудегі өзіндік жүйесімен, әдіс-тәсілдерімен, қазіргі заманғы жаңалықтарымен таныстырып, ой бөлісті.


Тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында өткен кездесуде екі жақты студенттермен және білікті, тәжірибелі оқытушылармен тәжірибе алмасу туралы әңгіме жалғасын тапты.




А.Е. Саденова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасы

 




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.10.2017, 13:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:25
    Елбасы – елдің тірегі
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31