Жаңалықтар

Ынтымақтастық келісімдер кеңеюде

  • Ынтымақтастық келісімдер кеңеюде

    Ынтымақтастық келісімдер кеңеюде

Бүгін, 20 сәуір күні Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркияның Стамбул университетімен және Қазақстанның Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен ынтымақтастық меморандумын түзді.

Университет президенті, профессор У.Әбдібеков, І вице-президент, профессор М.Куталмыш шара мақсатына түсініктеме берді. Мұнан әрі сөз алған Стамбул университетінің ректоры, профессор Махмут Ак Түркияның беделді университеті жөнінде мағлұматтар беріп, бүгінгі ынтымақтастықтың келешекте екі тарапқа да игілік алып келетінін жеткізді.

Еліміздің қара шаңырағы саналатын Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, профессор Ғ.Мұтанов өз кезегінде алдағы уақытта екі білім ошағы арасында тәжірибе алмасу, әріптестік мақсатта түрлі бағыттарда тиімді іс-шаралардың атқарылатындығын айтты. Сондай-ақ, Ғ.Мұтанов профессор У.Әбдібековке және профессор М.Куталмышқа «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 80 жыл» мерейтойлық медалін табыстады.

Ахмет Ясауи университетінің президенті Уәлихан Сейділдәұлы қадірлі қонақтар, профессор Махмут Ак пен профессор Ғалымқайыр Мұтановқа университеттің «Құрметті профессоры» атағын табыстап, сый-сыяпат тапсырды.

Мұнан әрі, 3 ЖОО ректорлары өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Жоғары білім беру саласының көшбасшылары өзара әріптестік байланыстардың нәтижесінде бірлікте инновациялық жобалар жасау, кәсіби мамандар даярлау, студент алмасу, ғылыми-зерттеулер, ортақ мәдени шаралар жүргізу сияқты, т.б. мәселелер қолға алынатындығын баса айтты.

Өз кезегінде қонақтар оқу орда басшылары профессор У.Әбдібеков пен М.Куталмышқа сыйлықтар табыстап, университет ұжымына жемісті тіледі. Университеттің лебіз кітабына тілектерін қалдырып, оқу орын кампусы мен мәдени ошақтарымен танысты.

Айта кетер болсақ, Стамбул университеті 24 мың оқытушы-профессорлар мен қызметкерлері бар, Түркияның ең озық белді университеті. Қазіргі таңда 260 мың студент оқиды. 564 жылдық тарихы бар оқу орынында 5 медициналық клиника жұмыс жасап тұр.

А.Сәдібеков,

Университет баспасөз қызметінің жетекшісі.


 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 20.04.2017, 16:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 13:45
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек, 21:21
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек, 21:09
    Рухы биік дара тұлға
    12 Маусым, 16:34
    Қала әкімі – ҚазҰУ-да

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31