Білім. Реферат

Алматы облысының ең үздік ұстазы пәтерінен қуылып жатыр

  • Алматы облысының ең үздік ұстазы пәтерінен қуылып жатыр

    Алматы облысының ең үздік ұстазы пәтерінен қуылып жатыр

Алматы облысында сот «Жыл мұғалімі» байқауы жеңімпазының баспанасын тартып алу туралы шешім шығарды. Қалалық әкімдіктегілер мектеп ұстазы Нұрлан Нұрбаевтың Талдықорғанда тұрмайтынын айтып, шағым түсірген еді, - деп хабарлайды КТК арнасы.


Ең қызығы, бұл баспананың кілтін 2012 жылы үздік атанған мұғалімге сол кездегі аймақ басшысы өз қолымен ұстатқан. Енді ұстаз білім берудің орнына шенеуніктермен дауласуға мәжбүр.


Осыдан бес жыл бұрын Нұрлан Нұрбаев мұғалімдер арасындағы байқаудан жеңіп шығады. Сол кездегі облыс әкімі, қазіргі сенатор Аңсар Мұсаханов екі бөлмелі пәтер кілтін қолына ұстатқанда қатты қуанған. Енді сол сыйлықты шенеуніктер тартып алып жатыр.


Нұрлан Нұрбаев, «Жыл мұғалімі-2012» байқауының жеңімпазы:


-Бұл пәтер мәселесі әрбір ұстаздың арманы десе де болады. Бұл үлкен еңбекпен келген нәрсе. Менің мақсатым осы өз еңбегіммен келген пәтеріме қандай жағдай болса да қол жеткізіп, өзімде қалдыру.


Әкімдіктегілер Нұрланның Талдырқорғанда тұрмай, ауыл мектебіне директор болып кеткенін желеу етіп сотқа берген. Қалалық сот баспананы ұстаздың меншігінде қалдыру керек десе, апелляциялық сатыда шешім керісінше шығыпты.


Айсұлу Бүркімбаева, Талдықорған қалалық прокуратурасының қызметкері:


-Соттың алғашқы отырысында жауапкердің Шеңгелді ауылындағы мектепте директор екені белгілі болды. Ол Талдықорған қаласында тұрмайды. Тек қана 2017 жылдың 28 шілдесінде тіркеуге алынған. Пәтері жекешелендірілмеген. Келісім-шарт бойынша отбасымен басқа жаққа көшкенде баспанасы кері қайтарылуы керек.


Өздері сыйлаған пәтерді тартып алмақ болған әкімдіктегілердің қылығына Нұрланның әріптестері де ашуланып отыр. Ұстазды ұлықтаудың орнына, мазақ қылғаны үшін мектеп ұжымы қол жинауға кірісіпті.


Алмагүл Найзабекова, Шеңгелді орта мектебінің мұғалімі:


- Мұғалімнің беделін арттыру мақсатында өткізілген сайыстардан басында беріп, аяғында алып алу деген ол ешқандай көңілге қонымсыз нәрсе. Бұл біріншіден. Екіншіден біздің артымызда келе жатқан болашақ ұрпаққа деген біз өзімізді сенімсіздік оятып отырмыз. Ол мұғалімдерді қолдау мақсатында берілген дүние қалу керек.


Облыстық білім басқармасындағылар да осы дауға алаңдайтынын айтады. Тіпті, сотқа тағы шағымданғалы отырған Нұрлан Нұрбаевқа құқықтық қолдау көрсетуді өз мойындарына алмақшы.




Көрілген: 878    Пікірлер: 0

сенбі, 25.11.2017, 15:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31