Білім. Реферат

Қазақстанда компьютерлік бағдарламалау бастауыш сыныптан оқытыла бастайды

  • Қазақстанда компьютерлік бағдарламалау бастауыш сыныптан оқытыла бастайды

    Қазақстанда компьютерлік бағдарламалау бастауыш сыныптан оқытыла бастайды

Бүгін Алматыда өтіп жатқан «Жаһандану дәуріндегі цифрлық күнтізбе» форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев цифрлық жобаларды жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Вице-премьердің айтуынша, мемлекет цифрлық технологияларды дамытуға барынша күш салып отыр.


«Балаларды бастауыш сыныптан бағдарламалауға үйрететін боламыз. Жоғарғы сынып оқушыларына кәсіпкерлік бойынша тәлім алу маңызды. Олар стартапты, өндірісті қалай бастау керектігін білуі тиіс. ЖОО-ларда барлық мамандықтар бойынша ІТ-технологиялардың оқытылуын қадағалаймыз. Мамандардың ІТ саласында алған білімін жетілдіруге күш саламыз», - деді Асқар Жұмағалиев.


Бүгінде Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша рейтингте 33-орында тұр.


Айта кетейік, форум барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елімізде мемлекеттік қызметті автоматтандыруды 80%-ға жеткізу көзделіп отырғанын айтқан болатын.


«Бізге арнайы телекоммуникациялық инфрақұрылым керек. Елді мекендердің барлығында кең жолақты интернет болуы тиіс. Оптикалық талшықтар кірмейтін жерлерге 2020 жылға дейін спутниктік байланысты пайдаланатын боламыз. Цифрландыру технологиясын енгізу өндірісті бірнеше есе арттыруға септігін тигізбек. Сондықтан, үкімет инновациялық экожүйе құрып отыр. Осы мақсатта елдегі жас білікті мамандарды ынталандыру қолға алынған», - деді А.Жұмағалиев.


 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

жұма, 02.02.2018, 19:47

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Сәуір, 11:23
Қош келдің - Наурыз!
5 Наурыз, 16:39
Білімді ел – мәңгі ел
22 Ақпан, 14:20
Етістік
21 Ақпан, 13:21
Киелі жеті саны

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31