Магистратура туралы шындық: ол бізге керек пе?

Магистратура туралы шындық: ол бізге керек пе?

Биыл магистратураға грантқа түстім. Бірақ күн сайын өзіме өзім сұрақ қоямын: «Осы магистратура не береді маған?». Жауап жоқ. Әзірге сол бакалаврді қайталау, жалпы менің түсінігімде магистратура дегеннің өзі 4 жылдық бакалаврді 2 жылда қайталау. Болды! Кей жандар сол магистратураны он күндік шетелге бару үшін оқып жатыр, олардың арасында қыздар көп. Ал кейбірі мансап жолында өрлеу үшін магистрлік диплом керек дейді. Әр адамның мақсаты әр түрлі. Ол да дұрыс шығар! Бірақ маған бір ұнамайтыны магистратурада тура бакалаврдегідей сабақ беру формасының болуы.

Субъективті көзқарасты ескермеу, сол бакалаврдегі сабақтар, тереңдіктің аздығы, шәкірт пен ұстаз арасындағы диалогтің жетіспеушілігі. Мысалы жалпыға ортақ психология деген пән бар. Оны бакалаврде де, магистратурада да оқиды. Бакалаврде оқыған түйсік, зейін, ой дегендерді магистратурада да малта құртша езіп отырмыз. Ұстаздарға «адам психологиясын қалай анықтауға болады, тобыр санасын билеу және т.б үйретіңіз», ― десем, «бағдарламадан ауытқуға болмайды», ― дейді. «Түйсік пен зейіннің ережесін білгеннен менің өміріме пайда бар ма?», ― деген сұрақты қойып келем өзіме. Пайда жоқ қой нақ! Жалпы көп жерде осы.

Дамыған батыс елдерінде магистратураға үлкен дайындықпен барады. 30 жаста, 35 жаста. Олар шынайы білім алуға деген ниетпен келеді. Және сабақ беру формасы да көп жерде әр студентке жеке жоспар бойынша. Білуімше мемлекет те әр студентке білім деңгейіне қарамастан 300 мың таратып жатпаған көрінеді. Бізге біраз өзгеріс керек сияқты.

Асхат Қасенғали

«Қамшы» сілтейді

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста