Білім. Реферат

Мамандар мұғалімдердің күнделікке неге баға орнына смайлик қоятынын түсіндірді

  • Мамандар мұғалімдердің күнделікке неге баға орнына смайлик қоятынын түсіндірді

    Мамандар мұғалімдердің күнделікке неге баға орнына смайлик қоятынын түсіндірді

Педагогтар оқушылардың күнделігіндегі баға қоятын орынға неге смайликтер қойылатынын түсіндірді. Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына "Назарбаев зияткерлік мектебінің" өкілдері берген жауапта бұл "формативті бағалау" екені айтылған.


Педагогтардың сөзінше, формативті бағалау кезінде білім алудың қазіргі жағдайы туралы ата-аналар мен оқушылар ақпараттандырылып, кері байланыс пайда болады.



© Facebook/Андрей Андреев


"Қажетті жағдайда кері байланыс ауызша, жазбаша, графикалық түрде де орнатылуы мүмкін. Мәселен мұғалім оқушы нені жақсы істейтіні туралы ақпарат береді, қателерін түзеу үшін қайталауға кеңес береді, ары қарайғы мақсаттарды анықтайды", - дейді "Назарбаев зияткерлік мектебінің" Педагогикалық өлшемдер орталығы директорының орынбасары Айдана Шілікбаева.


Кері байланыс оқушылармен үздіксіз байланыста болып, осы арқылы білім беру процесінің ары қарайғы жоспарлауы жүреді.


"Қазіргі кезде формативті бағалау әлемнің көптеген елдерінде білім берудің барлық деңгейінде қолданылады. Англия, Гонконг, Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия және басқа да елдерде формативті бағалауды дамыту қолға алынған. Бұл формативті бағалаудың жоғары көрсеткіштерге жетудің қуатты құралы", - дейді педагогтар.


 




Көрілген: 1023    Пікірлер: 0

жұма, 24.11.2017, 18:37

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Сәуір, 11:23
Қош келдің - Наурыз!
5 Наурыз, 16:39
Білімді ел – мәңгі ел
22 Ақпан, 14:20
Етістік
21 Ақпан, 13:21
Киелі жеті саны

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31