"Менің бизнесім" теңгені тиімді жұмсауды үйретеді

"Менің бизнесім" теңгені тиімді жұмсауды үйретеді

Төл теңгеміздің туған күніне орай Алматы қаласындағы Каспий Қоғамдық университетінің «Әділет» колледжі «Менің бизнесім» тақырыбында іскерлік-экономикалық ойын байқауын өткізді.
Бұл сайыстың негізгі мақсаты колледж оқушыларына бизнес-жобалар жасау мен жеке ісін ашуға қажетті дағдыларды үйрету болып табылады. Онда Қазақстанның индустриялық-инновациялық үдемелі даму бағдарламасындағы басым бағыттарға айрықша назар аударылады. Сондай-ақ «Менің бизнесім» ойынының арқасында студенттеріміз болашақта жеке ісін ашу үшін қандай құжат керек екенін, мемлекет қандай көмек беретінін білуге мүмкіндік туады. Сондай-ақ жастарды ұлттық валюта - теңгенің шығу, қалыптасу тарихымен таныстыру, оның ел экономикасындағы және әлемдік бірлестіктегі алатын орнын анықтап, пайдасын түсіндіру өткізілген шараның басты мақсаттарының бірі болды. Жастарды патриоттық рухқа, өз мемлекетіне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдеріне тәрбиелеу де шара барысында ескерілді.

Аталған сайысқа әр түрлі бағытта атап айтсақ: сауда, өндіріс, қызмет көрсету, ақпарат және байланыс, білім және ғылым, шоу бизнес, экология және бизнес бойынша 10 жоба ұсынылады. Іскерлік-экономикалық ойын байқауына қонақ ретінде белгілі кәспкерлер «Мирас» ЖК директоры экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Серікбаев Серік Кеңесұлы шақырылды. «Менің бизнесім» атты іскерлік-экономикалық ойын байқауының нәтижесінде «Қазақстандағы электр энергиясының альтернативтік негіздері» тақырыбында бизнес жоспарын ұсынған «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Мордачева Анастасия 1 орынды иеленсе, «Кавказ» биі студиясын ашуға арналған бизнес жобамен Мухпулов Аблиз, Хасанов Шамиль, Юсупов Альмуханбет 2 орынды, «Теплица» жобасымен Юсипбеков Азизбек 3 орынды иеленді. Ал қалған қатысушылар әр түрлі номинациялармен марапатталды. Колледж оқытушылары студенттердің экономикалық сауатын арттыратын мұндай іс-шаралардың алдағы уақытта жиі ұйымдастырылатынын айтты.

Қабаева Ләйлім Кенжебекқызы
экономика ғылымдарының магистрі,
аға оқытушы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста