Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама

Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама

 

Алдиярова Айнұр Тлеубергеновна,
Биология пәнінің мұғалімі.
Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы
«МЖДШО бар №17 жалпы білім беретін орта мектеп» МКМ


Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама
Мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың балықтар класы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, балықтарға тән белгілерді оқып үйренуге жағдай жасау.

б) дамытушылық: оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, шеміршекті балықтармен сүйекті балықтарды бірінен- бірін ажырата білуге үйрету, тақырыбтағы негізгі ұғымды тауып, сызба нұсқаны толтыруға машықтандыру, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.

в) тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға еңбектенуге, өзара білімдерін тексекріп бағалауға, балықтарды қорғай білуге, адамгершілік пен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалдарын игеру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдістері: СТО технологиясы, демонстациялау, тест. СД- диск.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,тірек сызбалар,кестелер,плакаттар.
Сабақтың барысы: 1-Білу.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,сабаққа дайындығын тексеру,оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сыныпты 4 топқа бөлеміз.
І топ – сары күлте
ІІ топ – көк күлте
ІІІ топ – қызыл күлте
ІV топ – жасыл күлте

Үй тапсырмасын сұрау. 2-3мин
1.Ой қозғау. Миға шабуыл.
Біліміңді сына
1. денесінде хромотофоры бар біржасушалы тірі ағза өсімдік пе, әлде жәндік пе?
2. біржасушалы тірі ағзалар тобы қалай аталады?
3. денесін бөлшектегенде 200-ден бір бөлігінен жаңа тірі ағза пайда болатын көпжасушалы жәндік
4. зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы?
5. буынаяқтылар сыртқы қаңқасының негізі?
6. Бунақденеліліердің жүрегі?
7. Шала түрленетін бунақденелілердің даму кезінде болмайтын саты
8. Жәндіктер денесінде бұған дейін кездеспей, ұлуда ғана кездесетін асқорытуға қатысатын без
9. Әлі толық зерттелмеген, ерекше қорғауды қажет ететін, Қазақстан Республикасының қызыл кітабына тіркелген инелік
10. Қазақстанда Жайық өзенінің жайылмасында ғана кездесетін ең ірі қоңыз
11. Ірі қарада қарасан ауруын тудыратын, аналығы ғана қан соратынқан сорғыш ірі шыбын
12. шаруашылықты зиянды бунақденеліліерден құтылудың негізгі әдісі

2-Түсіну:
Мағынаны ашу,қызығушылықты ояту: 3-мин
Балықтар дегенде қандай ой келеді?
Өздеріңіз білетін балықтарды атаңыздар?
Жаңа сабақ. Бейне фильм (5 мин)
3-Қолдану:
1 топ - балықтарға жалпы шолу
2 топ - тері жабыны мен бұлшық еттері, қаңқасы
3 топ - ас қорыту, тыныс алу, қанайналу жүйесі
4 топ - жүйке жүйесі
(постер жасап, қорғау)

 Топ басшыларына тапсырма

Сәйкестігін тап:

 

5-Жинақтау «менің досым» жұптық жұмыс:
лентаны алып оқушыларды жұпқа бөлеміз, әр жұп бір біріне сұрақ жасап қарлы кесек лақтырады, орындап болғасын бір бірінін жұмысын тексереді
6-Бағалау. Ой ширату айдары (6-мин)

1. Кг 14 тоннадан асатын
Көрген адам қашатын
Білесің бе? Қандай балық қарағым
(Акула)

2. 20000 - нан астам түрі бар
Байқап жемесең тұтылар
Қорқытатын құты бар
Балықтың бір түрі бар
(Сүйекті балықтар)

3. «С» әрпінен басталар
«Қ» әрпін қойсаң ай атымен жанасар
Білесіңдер бұл қай балық балалар
(Сазан)
4. Ыбырайдың мысалында кездеседі
Аққуменен, шаянменен тілдеседі
Көл ғана оның мекені
Балықтың ол төресі
(Шортан)
5. Дене тұрқы бөп-бөлек
Терісі оның бір бөлек
Теңіз оның тұрағы
Бір көзбен үнемі қарап тұрады
(Камбала)

Сәйкестігін тап:

VІ. Үй тапсырмасы. «Балықтар әлемі» шығарма жазу (2-мин)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста