Білім. Реферат

Сағадиев: Университеттер жеке білім бағдарламаларын жетілдірулері керек

  • Сағадиев: Университеттер жеке білім бағдарламаларын жетілдірулері керек

    Сағадиев: Университеттер жеке білім бағдарламаларын жетілдірулері керек

ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру сапасын арттыру бойынша жоғары оқу орындарын ынталандырудың жаңа әдістерін әзірлеп жатыр. Осы орайда ұсыныстардың бірі оқу орындарына жеке білім беру бағдарламаларын даярлауға мүмкіндік беруге қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Министрлік қай бағытта білім беру керектігі туралы нұсқамауы тиіс, барлық 130 ЖОО өздерінің білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша жұмыстарға жұмылуы қажет»,-деді министр Ерлан Сағадиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.


Оның пайымынша, осы орайда жоғары оқу орындарын тек екі әдіспен ғана дамытуға болады, яғни бәсекелестікті арттыру мен реестрден қауқарсыз білім беру бағдарламаларын алып тастау қадамдары арқылы жетілдіру мүмкіндіктері бар.


«Білім беру бағдарламаларына сұраныс жоқ оқу орындарында осы мәселе бойынша үш жол бар. Біріншіден, үздік ЖОО-ларға барып, олардан білім беру бағдарламаларын алу және оны өздеріне жылдам ендіру. Екіншіден, өздерінің бағдарлармаларын жауып тастау керек, бұл ретте студенттер үздік оқу орындарына ауысады. Үшіншіден, серіктестер іздеп, өздеріне сапалы бағдарламаларды әзірлеп, енгізу»,-деп түсіндірді Сағадиев.


Заң жобасы «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 78-қадамын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Онда Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін сатылай кеңейту ексерілген.


Автор: Руслан Ғаббасов


 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 18.05.2017, 19:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 13:45
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек, 21:21
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек, 21:09
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31