Білім. Реферат

Түлектерге ҰБТ тапсыру күнiн ауыстыруға рұқсат етiлмек

  • Түлектерге ҰБТ тапсыру күнiн ауыстыруға рұқсат етiлмек

    Түлектерге ҰБТ тапсыру күнiн ауыстыруға рұқсат етiлмек

Ұлттық тестiлеу орталығының басшысы Рамазан Әлiмқұлов биыл тест тапсыру шарттары бiраз жеңiлдейтiнiн айтты. Бұл жайында ол Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысына дейiн берген сұхбатында мәлiмдедi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.


Рамазан Әлiмқұловтың айтуынша, ендi орынды себептер болған жағдайда, түлектерге Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi тапсыру күнiн ауыстыруға рұқсат етiледi. Бұған дейiн орынды себебi болса да түлек ҰБТ-ны өз тобында тапсырмаса, басқа топта тапсыра алмайтын. Ал, биылдан бастап осындай мүмкiндiк қарастырылған.


«Биыл ҰБТ форматы өзгермейдi. Тестiлеу үш мiндеттi және екi таңдалған пән, барлығы бес пән бойынша өтедi. 2018 жылы тестiк тапсырмалар базасы 50%-ға жаңарды. Тест сұрақтарын дайындаған азаматтардың айтуынша, жаңартылған сұрақтар пәндi жаттамай, жақсы түсiнуге мүмкiндiк бередi», - дедi Ұлттық тестiлеу орталығының директоры.


Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ


 


 




Көрілген: 618    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 17:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30