Білім. Реферат

ҰБТ мен емтихандардың қашан және қалай өтетіні белгілі болды

  • ҰБТ мен емтихандардың қашан және қалай өтетіні белгілі болды

    ҰБТ мен емтихандардың қашан және қалай өтетіні белгілі болды

  • ҰБТ мен емтихандардың қашан және қалай өтетіні белгілі болды

    ҰБТ мен емтихандардың қашан және қалай өтетіні белгілі болды

Биыл қорытынды емтихандар мектептерде 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді, ал ҰБТ - 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында аттестациялау мен тестілеудің қалай өтетіні жайлы айтып берді.


9-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы 2017 жылдың 29 мамыры мен 9 маусымы аралығында өтеді. 11-сыныптың түлектері 29 мамырда қазақ тілі мен әдебиетінен (орыс тілі мен әдебиеті, қай тілде білім алуына байланысты) жазбаша түрде, яғни эссе жазады. Орыс тілді мектептерде қазақ тілінен тестілеу және қазақ тілді мектептерде орыс тілінен тестілеу бір күнде - 2 маусымда өтеді. Алгебра мен анализ бастамасы пәнінен жазбаша емтихан 6 маусымға белгіленген. Ал Қазақстан тарихынан ауызша емтихан 9 маусымда өтеді.


"ҰБТ - ЖОО-ға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 10 наурыз бен 10 мамыр аралығында қабылданады. Ал тестілеудің өзі 20 маусым-1 шілде аралығында өтеді", - деді министрліктегілер.


Шығармашылық мамандықтарға түскісі келетіндер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың ЖОО-ларына түскісі келетін абитуриенттер ҰБТ-ны өзі таңдаған оқу орнында тапсырады. Сонымен қатар, биыл тестілеуде қанша сұрақ болатыны белгілі болды: Қазақстан тарихынан - 20 сұрақ, математикалық сауаттылық - 20 сұрақ, оқу сауаттылығы - 20 сұрақ және әрбір профильді пәннен - 30 сұрақ. Максималды 140 ұпай жинауға болады. Себебі тестілеудегі 20 сұрақтың әрқайсысында екі дұрыс нұсқа болады.


Айта кетейік, ҰБТ тапсырудың 165 пунктінің 115-і мектептерде. Әрбір мектепте мұғалім техникалық хатшы ретінде өтініштерді қабылдап отырады. Ведомствоның мәліметінше, бүгінде түлектердің 35 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берді.


Осыған дейін үкіметте ҰБТ-ның жаңа форматының басымдықтары жайлы айтылған болатын.


2017 жылы түлектер емтиханды қалай тапсырады.




Көрілген: 874    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 19.04.2017, 15:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 16:34
    Қала әкімі – ҚазҰУ-да

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31