Атом саласының мамандары өз елімізде даярланады

Атом саласының мамандары өз елімізде даярланады

 Қазақстанда МАГАТЭ-нің аз байытылған уран банкінің іске қосылуы аталған металды өндіру мен өңдеу, сақтау саласының дамуына тың серпін береді. Ядролық қауіпсіздік, атом секторлары үшін халықаралық деңгейде өз мамандарымызды дайындауға мүмкіндік туады. Әлемдегі жалпы уран қорының 15 пайызы қазақ жерінде орналасқанын ескерсек, жоғарыда аталған жағдайлардың барлығы еліміз үшін аса маңызды.

Бүгінде Қазақстан 50-ден астам кен орнында уран өндіріледі. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті өткен жылдан бері атом өнеркәсібі мамандарын даярлауды бастап кетті. Білім ордасы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлесе кадрлар оқыту туралы келісімшартына қол қойды. Уран өнеркәсібінің мамандары енді жаңадан құрылған Халықаралық атом өнекәсібі ғылыми-оқыту орталығында оқытылмақ. Суденттер ұлттық компанияда тәжірибеден өтіп, ұтымды жобаларын өндіріске енгізуге мүмкіндік алады.

Бауыржан Ыбыраев, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ өндіріс және ЯОЦ бас директоры:

- Біріншіден, өзіміздің мамандардың білімін көтеру, деңгейін көтеру. Үлкен практикалық жұмыстар өткізу. Шетелдік жетістіктермен танысу. Соның бәрі осы орталықтың көмегімен оқытылады.

Искандер Бейсембаев, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректоры: 

- Біз мамандарды дайындауды үш салаға бөлдік. Олар: автоматтандыру, металлургия мен геология. Аталған әрбір сала бойынша жылына 20 маман дайындаймыз.

Оқыту жүйесі заманауи білім беру ісінің инновациялық әдістемесінен ғана құралмайды. Ұлттық атом компаниясының ардагерлері мен қызметкерлерінен құрылған «Ақсақалдар кеңесі» профессорлар қауымдастығы ұстаздық етіп, студенттермен тәжірибе мен білімдерімен бөліседі. Ал Өскемендегі техникалық жоғарғы оқу орнында ядрофизиктерді даярлайтын кафедра ашылады. Онда уран өндірісінде жұмысты енді бастаған жас мамандар мен университте металлургия бағыты бойынша оқып жатқан студенттер 4 курсты бітірген соң магистрлікке қабылданады. Атом-энергетика саласында жаңадан даярланатын мамандар әлемдегі озық оқу орындарының бағдарламасы бойынша білім алады. Тек Қазақстан емес, шетелдіктердің де білім алуына мүмкіндік бар.

Тамара Сегеда, физика-математика ғылымдарының кандидаты: 

- Оқу бағдарламасы әлемдік тәжірибе бойынша жасалғандықтан халықаралық кафедра саналады. Сондықтан ең негізгісі білікті маман даярлау. Бұл мамандар ғылыми-зерттеу және өнідірстік бағытта білім алатындықтан ашық және ешқандай шектеу болмайды.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкі Үлбі металлургиялық зауытының базасында орналасады. Жоспар бойынша оны алдағы тамыз айында іске қосу жоспарланған. Сол кезде Үлбі зауытында 90 тонна аз байытылған уран сақталатын болады. Банк МАГАТЭ-ге мүше-мемлекеттердің атом электр станцияларына ядролық отынды жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста