Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Cотсыз татуласу орталығы ашылды

  • Cотсыз татуласу орталығы ашылды

    Cотсыз татуласу орталығы ашылды

«Almaty Towers» ғимаратында орналас­қан «Open Almaty» Алматы қаласы әкімді­гінің қоғамдық қабылдау алаңында Сотқа дейінгі татуластыру орталығы ашылды. Заманауи негізде жабдықталған бұл орта­лықтың ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов қатысты. Айта кетер жайт еліміз медиация, бітімгершілік жүйелеріне аса көңіл бөліп отыр. Тіпті Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі бір функциясы дәл осы медиацияны дамыту, сотсыз татуластыру орталықтарын ашу болып табылады. Соның арқасында Алматы қаласынан ассамблеяның мұрындық болуымен медиациялық жұмыстар жүргізіліп жатқаны да рас. 


Бұл күнгі ңс-шарады Алматы қаласының бас биі, сот төр­ағасы Н.Әбдіқанов жұртшылықты Сотсыз татуласы орталығының жұмысымен таныстырып, оның тиімділігін, дауды сотқа дейінгі реттеудің артықшылықтары төңірегінде әңгімелеп берді.


– Бүгін Алматы қаласының азаматта­рына арналған татуласу орталығы ашылды. Ата-бабаларымыз: «Дау-дамайдың мұраты – бітім» деп тегіннен-тегін айтпаған. Осы секілді кішігірім құқықбұзушылықтар сот мәжілісіне бармай-ақ, орталыққа келіп, өздерінің дауларын реттей алады. Татуласу орталығының арқасында азаматтар өздерінің уақыты мен шығындарын үнемдей алады. Мұның экономикалық жағынан тиімділігі мол. Қос тарап өзде­рінің дауларын ынтымақпен, бітімгер­шілікпен шеше алады, – деді Алматы қала­лық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.


Айта кетейік, бұл орталыққа Алматы­дағы барлық ауданның тұрғындары келіп, өздерінің дауларын шеше алады. Мұнда психолог, педагог, адвокат, медиатор, судья­лар отырады. Олар халыққа тегін қызмет көрсетеді.


Оның үстіне, қазір елімізде бітімгерлер көмегіне жүгінетіндер қатары артып келеді екен. Мәселен, Медеу аудандық сотына 361 арыз-шағым түссе, соның жартысына жуығы бітімгершілікпен аяқталған. Егер бұл орталықтың жұмысын халық жақсы қабылдайтын болса, арыздар сотқа емес, осында түсетін болса, сотта қаралатын істер мейлінше азайса, онда мұндай орталықтар қаланың басқа да аймақтарынан ашыла­тын болады.


Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 113    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 01:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 12:07
    Достық әні шырқалды
    16 Мамыр, 12:50
    Төбемізде бір аспан
    7 Мамыр, 18:05
    Ұлттар достығы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31