Әдебиет пен мәдениет қай кезде де достыққа қызмет еткен

Әдебиет пен мәдениет қай кезде де достыққа қызмет еткен

 

 

Мемлекет басшысының еліміз­дің басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан, мазмұны терең, ауқымы кең, ұлт руха­ниятын ғасыр­лар биігіне көтеретін «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақала­сының бір жылдығын қоры­тынды­лаған басқосулар жер-жер­де асқан ұйымшылдықпен аталып өтуде. Осы маңызды бағдарла­малық құ­жат­қа арналған үлкен жиын Алматы қаласының Әуезов ауда­нында Абдулла Розы­бақиев атында­ғы №153 мектеп-гимна­зияда да өтті.

«Ұлттар достығы – татулықтың тал бесігі» немесе «Әдеби достық – мәңгілік достық» деп аталған бұл шоу-кештің өзгелерден ерекшелігі поэзиялық үлгіде жүргізілгендігінде болды.

Егемен еліміздің басты байлығы – халықтар достығы. Қазақстан көптеген ұлттың Отаны болып саналады. Қазақ­станда әр халықтың, кез-келген ұлт өкілінің өз үні естіліп тұрады. Өздеріне деген осындай адал да ашык қарым-қатынасты көрген түрлі халықтың өкіл­дері ана тілін, діні мен мәдени дәстүрін қайта өркендетіп, тәуелсіз демокра­тиялық Қазақстанды құру жолына белсене араласуда.

Поэзия кешіне Алматы қалалық мәслихат депутаттары, саясаттанушылар, ақын-жазушылар, №153 және №123 мектеп-гимназиялардың оқушылары қатысты.

Бірінші бөлім «Поэзия құдіреті» ток-шоуымен басталды.

«…Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып, торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан», «Отан», «Отан» деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен? Мен бұл құсты ұшырып жіберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп, торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып, бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырға өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен. Демек, құстың Отаны ұя салған жері болды ғой деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да, адам түгілі құстар да ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен! Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат. Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан!..». 5-сы­нып оқушысы Феруза Якупова кеште осындай аңызға құрылған әңгіме айтып берді. Құс екеш құсқа да Отан керек, бостандық керек… Балғын қыздың әңгімесі жинал­ғандарды бір сәт тебірен­тіп, ой құшағына бөледі.

Алматы қалалық мәслихат депутат­та­ры сөз алды. Бүгінгі іс-шараның өтуіне қол­дау көрсеткен филология ғылым­ының докторы Кенжехан Матыжанов пен «Алматы ақшамы» газетінің бас редак­торы Қали Сәрсенбай ортаға шықты.

Кенжехан Слямжанұлы: «Кештің әде­би деп аталуы өте дұрыс екен. Әдебиет пен мәдениет, жалпы өнер қай кезде де достыққа қызмет еткен» деп бастап, ары қарай әңгімесін достық тұрғысында өрбітті.

– Әлгі оқушы қыз айтқан әпсана әбден ой елегінен өткен, талайдың сана­сына серпін берген, намысын жаныған, сөйтіп бүгінгі біздің тәуелсіздік заманы­мызға жеткен саф алтындай сара сөз ғой. Менің де ертегі айтқым келіп тұр. Ертеде бір ел болыпты. Ол елдің адамдары бірін-бірі мінеу-сынауды, балағаттау дегенді мүлде білмейді екен. Мұның сыры неде екен деп өзгелер таңдай қағысыпты. Сөйтсе, ол елдің халқы тек қана әдебиет оқиды екен. Міне, әдебиеттің, яғни көркем сөздің құдіреті деген осы болса керек. Елбасымыздың рухани жаң­ғыруын, сананың тазалығын, тілі, ділі, діні, бүгінгі Отаны ортақ екі ұлттың қазіргісі мен келешегін бұдан да жарқын ету үшін жүкті әдебиетке жүктеу, оның ішінде өлеңге сенім арту өте орынды таңдау, – деді Қали Қошқарұлы.

Сөз Қазақстан Жазушылар одағы Ұйғыр бөлімінің жетекшісі, жазушы Ахметжан Ашириге берілді.

– Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп-өркендейді.

Біздің қоғамда әр түрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен, олар бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі нәр беріп тұрады. Біз осы құндылықтарды болашақ ұрпаққа қаз-қалпында бояуын бұзбай, қарқынын бәсеңдетпей жеткізуге тиіспіз.

Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкілінің бір атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмір сүріп келе жатқандығы бәрімізге айқын. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкілі бірге тұрып, бірге жасап, бір мақсатқа жұмылып, өмір сүріп келе жатқаны Елбасымыздың дана саясаты­ның нәтижесі болса керек.

Қазақ-ұйғыр әдебиеттерінің достығы ұзақ жылдан келе жатыр. Біз негізі тіліміз мен діліміз және дініміз бір болумен қатар, тағдырымыз да, тарихымыз да ортақ халықпыз. Мәселен, Һезим Ис­кәндәров пен Сәбит Мұқановтың, Һезмәт Абдул­лин мен Қуандық Шаңғытбаевтың, Илия Бәхтия мен Мұқағали Мақатаевтың, Маһмут Абдрахманов пен Қадыр Мырза Әлидің достықтары, әріптестік байла­нысы көпке үлгі. Сонымен қатар, Қаб­деш Жұ­ма­ділов, Жәркен Бөдеш, Жанат Ахмади, Дәулетбек Байтұрсынұлы ұй­ғыр әдебие­тінің қазақ тіліне аударылуына көп күш салған қаламгерлер.

Мәскеу шаһарынан келген мейман, шайыр, Островский сыйлығының лау­реа­­ты Вильям Садыков, Қазақстан Жазу­шылар одағының мүшесі, Түрксой­дың «Мақтумқұлы Фраки» медалінің лауреаты, Ильхам сыйлығының иегері Дәулетбек Байтұрсынұлы кеште екі ха­лықтың әдеби және мәдени достығы туралы, аударма мәселесіне қатысты келелі пікірлерін ортаға салды.

– Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұла­малығы, Жамбылдың жырлары мен Құр­манғазының күйлері, Жүсіп Бала­сағұн, Махмут Қашқаридың терең фило­софиясы, Илия Бәхтияның лирикаға толы өлеңдері, Зия Сәмәдидің тарихи роман­дары – ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні. Бұлар біздің рухани мәде­ние­тіміздің бір парасы ғана. Рухани жаңғыру ұлттық сананы дәуір тала­бына сай қайта түлетіп, жарасты­ратын құдіретті күш. Бұл – тарау-тарау тарих­тың жасам­паз бүгіні мен жарқын болашағын үйлес­тіретін, сабақтас­тыратын ұлт жадының тұғырнамасы, – деді кеш иесі, Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директоры, Алматы қалалық мәслихат депутаты Шавкат Омаров қонақтарға қаратып айтқан сөзінде.

Кезек құдіретті поэзияға берілді. «Отан», «Көктем», «Махаббат», «Достық» тақырыбында өлеңдер оқылды. «Еркін микрофон» әдісімен пікір алмасу, қонақ­тарға сұрақтар қою жүзеге асырылды.

Көктеммен бірге бүрлейін…

Қайдағы құстың ғашық бір әні,

Кеудеме бұққан ашып тұманы.

Басыңнан сипар бақытың бар деп

Бақтарға қарай асықтырады.

 

Асығам баққа, асығам қырға,

Аңсарым менің асыл ән-жырда.

Көк өрім көктем арбайды мені,

Тамыры толы тасыған нұрға.

 

Белдерден белге сабылысып әр,

Сәуір ғой мынау, сағым ұшынар.

Сарғалдақ құсым сайрайды менің,

Орманға деген сағынышы бар…

 

Ақ бұлттан аппақ түсінік табам,

Айта алмай бәрін қысылып барам.

Билейік дейді қайыңның биін,

Ақ самал қолын ұсынып маған.

 

Айнала толы нөпір ағынға,

Бекерге қарап отырамын ба?

Көктеммен бірге бүрлейін мен де,

Қазақтың мынау топырағында…

Оқушы Ильяс Мирғиясов мәнерлеп оқыған бұл ойлы өлеңнің авторы – Қазақстан Жазушылар одағының мүше­сі, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры аясындағы «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, ақын Мұратқан Шоқан.

Әдеби кеште Нұртас Тұрғанбек, Құр­бангүл Ағабек, Рақымберді Жетібай, Сабира Анварова, т.б. ондаған жас ақын­дар, әдеби топтардың жетекшілері, сая­саткерлер мектеп оқушыларының поэзия туралы, достық хақында қойған сұрақ­тарына жауап беріп, бірлік, ынтымақ, мейірім жайында жазылған өлеңдерін оқыды.

Мұнан соң ежелден етене жақын екі халықтың құрметіне гимназияда «Поэ­зия достығы» сайты ашылды. Оның лентасын жазушылар Ахметжан Ашири мен Қали Сәрсенбай қиды.

Кештің екінші бөлімінде қос гим­назия оқушылары «Қазақстан – ортақ үйіміз» де­ген тақырыппен қонақтарға арнап кон­церт қойып берді. «Көк тудың жел­біре­гені» әні, «Яңра» биі, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мен «Ғерип-Сәнәм» қойы­лым­дарынан көрініс, Абай мен Билал Назим бейнесі, тағы сол сияқты орын­даулар қонақтардың көңі­лінен шықты.

Біртұтас еліміздің бәсекеге қабілетті мәдени менталитетін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластрлерін дамытуға бағытталған шара ретінде поэзия кешінің басты мақсаты: Ынтымағы мен бірлігі жарасқан қазақ және ұйғыр халықы арасындағы жас ақындардың шығарма­шылығын жалғап тұратын достық көпірін қалыптастыру. Дәстүрге айналдырып, жас ақындар кеші мен «дөңгелек үстелде» сырлы сұхбат жүргізіп, ақындар арасын поэзия арқылы бір-бірімен жақындас­тыру. Ұлт­тар арасындағы достық үлгісін көрсету. Міне, Мемлекет басшысының «Болашақ­қа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласы­ның бір жылдығын қорытын­дылаған Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында өткен басқосу алдына қойған осы мақсаттарға жетті ғой деп ойлаймыз. Өлеңмен өріл­ген, түйдек-түйдек ойлар ортаға салынған әдеби кеш ұлт руханиятын ғасырлар биігіне кө­теретін ұлы күштің бір қырын таныт­қанына шүбә жоқ.

Кеште туғанына 120 жыл толған ұйғыр ұлтының өкілі, елім деп от кешкен ре­волюционер, мемлекет және қоғам қай­раткері, жалынды публицист Абдулла Розыбақиевтің кітабы қонақтарға тарту етілді. 

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

Алматы ақшамы газетінен

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста