Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматы – Бішкек арасы

  • Алматы – Бішкек арасы

    Алматы – Бішкек арасы

Оңтүстік астанада қалалық мәслихат пен Бішкек қалалық кенеші меморандумға қол қойды

Тамыз айының басында Алматы қалалық мәслихатына Қырғыз Респуб­лика­сының астанасы – Бішкек қаласының деле­гациясы іссапармен келді. Қырғыз деле­гациясын Бішкек Кенешінің төрағасы Алмас Кенен­баев бастап келіпті. Делегация құра­мында қалалық Кенештің депутаттары, Біш­кек қаласы басшысының орынбасарлары бар.


Бауырлас ел делегациясын Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Қалдыбай Қазанбаев бастаған мәслихаттың тұрақты комиссия төрағалары қарсы алды. Мәсли­хат хатшысы Қ.Қазанбаев қырғыз әріптес­теріне «Қош келдіңіздер!» деп, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағала­ры­мен таныстырды. Қонақтарға Қазақ­станның қаржы-бизнес, спорт-мәдени, туристік орталығы – Алматы қаласы мен мегаполистің басқару жүйесінің бір тармағы – қалалық мәслихат жайлы бейнетаныстырылым жасалды.


Қонақтар тарапынан Бішкек қалалық Кенешінің төрағасы, Бішкек мэрінің орынбасары сөз алса, біздің тараптан мәс­лихат хатшысы Қ.Қазанбаев, депутаттар Болат Садықов, Сергей Козлов сөз алды.


Кездесу соңына тараптар арасындағы ынтымақ­тастық туралы келісімге қол қойылды.


Меморандумды Алматы қалалық мәсли­хатының хатшысы Қалдыбай Омарұлы Қазанбаев пен Бішкек қалалық Кенеші төрағасы Алмаз Мұханұлы Кененбаев бекітті.


 


Биліктің бір тармағы


Бішкек қалалық Кенеші – бекітілген заңға сәйкес қалалық қоғамдастықтың тікелей сайлауымен сайланатын жергілікті өзін-өзі басқарудың алқалы түрде жұмыс істейтін өкілетті органы, қалалық Кенеш пропорционалды жүйе арқылы 4 жылға сайланатын 45 депутаттан тұрады.


Бішкек қалалық Кенеші Парламенттік басқарудағы Қырғыз Республикасының жергілікті билігінің бір тармағы.


Алматыға іссапармен келген Бішкек делегациясы «Алматы тазалық», «Алматы Көлік Холдингі» және Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінде болды.


Кездесу барысында ынтымақтастық келісіміне қол қойған қалалық мәслихат хатшысы мен қалалық Кенеші төрағасы Алматы–Бішкек арасында үзіліңкіреп қалған байланыс қайта жаңғыратынына сенімділік танытты.


Алмаз Кененбаев, Бішкек қалалық Кенешінің төрағасы:


– Бүгін Алматы қалалық мәслихаты мен Бішкек қалалық Кенеші тарихи құжатқа қол қойды. Бұл – Қырғыз Респуб­ликасының астанасы мен Қазақстанның ең үлкен мегаполисі, Қаржы-бизнес орталығы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум.


Бүгінгі кездесу шын мәнінде тарихи деуге келеді. Сан жылдар бойы бауырлас халықтардың астанасы болып келген қос шаһардың арасындағы іскерлік байланыс соңғы оншақты жылда аздап бәсеңдеген еді. Енді екі жақ «қалалық парламенттері» арасында қатынас қайта жаңғыратын болды. Бішкектің бүгінде қарқынды дамып отырған бауырлас Алматыдан алары көп. Біздің қалалық Кенешті де қалалық мәслихаттың тәжірибесі қызықтырады. Біз іс-сапар барысында қалалық муниципал­дық қызметтерде болып, жасалып жатқан қыруар жұмыстардың куәсі болдық. Алматы шын мәнінде «қайта түлеп» жатыр екен.


 


Қалдыбай Қазанбаев, Алматы қалалық мәслихатының хатшысы:


– Мен бішкектік әріптесімді толық­тай қолдаймын. Алматы мен Бішкек ежелден бауырлас, тілі де, ділі де бір, тарихы тағдырлас екі халықтың бірінші кезекте рухани орталықтары. Әрине, тәуелсіздікті тұғырлы ету жолындағы соңғы 10–15 жылда тұрақты байланыстың үзіліп қалған кездері де болған. Дегенмен, тағы да айтарым, біз салт-дәстүр, асхана­мыздан бастап менталитетімізге дейін бірдей бауырлас елміз. Тіпті, бүгінгі таңда қалалық деңгейдегі муниципалдық мәселе­лері де ұқсас. Себебі, бізді, қос қаланы тарих қоңсы қондырған. Сондықтан да бүгінгі кездесу, бүгінгі келісім құжаты тарихи деп айтуға толық болады.


Осы құжат арқылы екі шаһардың халқы бір-бірімен ашық байланыста, іскерлік байланыста болады деп ойлаймын. Онсыз да жүздеген жылдардан бері араласып жатқан ел емеспіз бе. Алматыда Ыстық­көлді білмейтін, Бішкекте «Медеуді» білмейтін адам жоқ.


Алмаз Мұханұлы әріптесім айтқандай, біздің, «қалалық парламенттердің» мін­детіміз – екі шаһардағы ұқсас мәселелерді шешіп, бізді сайлаған халыққа қызмет ету.


Бішкекте де, Алматыда да бізді «халық қалаулылары» деп айтады ғой. Біздің міндет – сол халықтың үдесінен шығу. 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 17:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша, 00:15
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек, 00:18
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек, 16:31
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31