Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматы қаласында діни терроризм мен экстремизмге қарсы дөңгелек үстел өтті

  • Алматы қаласында діни терроризм мен экстремизмге қарсы дөңгелек үстел өтті

    Алматы қаласында діни терроризм мен экстремизмге қарсы дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасына қарасты «Мониторинг және анализ орталығында» діни терроризм және экстремизмге қарсы іс-әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Тақырып бойынша жиналған тәжірибелерді, талаптарды және ұсыныстарды қарастыру үшін әртүрлі салалардан, тіпті этномәдени орталықтардың өкілдері де қатысты. 

Бұл болашақта жұмыс жүргізуге, қоғамымызға және дін саласындағы мемлекеттік саясатты ұйымдастыру үшін өте маңызды. 

Дөңгелек үстелге маман ретін әр саланың өкілдері қатысып, ой пікірлерін ортаға салды. Атап айтқанда № 13 қалалық емхананың дәрігер-сарапшысы М.Ф. Саянин, №106 жалпы білім беретін мектептің дирокторының тәрбие жөніндегі орынбасары Ашимбек Арайлым Канышкызы, «Алматы-1» теміржол вокзалының бас инженері Арнияұлы Алмас, №83 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Сулейменов Ергалым Нуркасович, № 9 қалалық емхананың заңгері Ханаров А.А., №85 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Испаева Құралай, «ХАА» акционерлік қоғамының «авиациялық қауіпсіздік қызметі» бөлімінің басшысы Насарбаев О.А., Түрксіб ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы Жанғабылов Дулат, «Mart security Almaty» ЖШС басшысы Шевцов В.В., Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы Түрксіб ауданынының бас маманы Лескенов Айдос қатысқан. Дөңгелек үстелді "Мониторинг және талдау орталығы» басшысының орынбасары Айекешов Нұрболат және ақпараттық-түсіндіру және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Құдайқұлов Тұрсын ашты.

Жалпы, орталық осындай ақпараттық – түсіндіру шараларымен, сонымен қатар, Дін істері басқармасының тапсырысымен мұғалімдерге арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» атты курстарды өткізумен және Алматы қаласындағы діни жағдайды зерттеумен айналысады.

Дөңгелек үстел барысында орталықтың осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары аталып өтілді.

Діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында 2018 жылдан бастап Дін істері басқармасының тапсырысымен Алматы қаласында күнделікті тұрғыда қала тұрғындарымен арнайы кездесулер, дәрістер және сұхбаттасу өткізіліп тұрады.

Осы жылы мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, ағылшын пәні мұғалімдеріне, ЖОО және колледж студенттеріне, мектеп оқушылары мен ата-аналарға, мектептердегі тәрбие жөніндегі орынбасарларға, әр түрлі еңбек коллективтеріне, денсаулық сақтау қызметкерлеріне іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бас бостандығынан айырылғандар мен 22 адамның қатысуымен 2 кездесу өткізілді. Осы шараларға қатысқандардың жалпы саны 14304 адамды қамтыды.

Осындай үлкен аудиторияны қамту қоғамдағы діни сауатсыздықтың төмендеуіне және псевдодіни ұйымдардың қоғамға әсер ету қаупін төмендетеді, сонымен қатар жастарға да өз әсерін тигізеді.

Мұндай іс-шаралардың ерекшелігі бейресми болуы. Ол қатысушыларға жеке тәжірибесіне сүйене отырып субъективті пікірін еркін өз ойын айтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, соңғы кездері әлемдік назарға ілігіп отырған терроризмнің зорлық-зомбылықты туғызып отырған факт проблематикасы осы дөңгелек үстелдің өзектілігін арттыра түседі.

Осылайша, бүгінгі таңдағы жағдайларға байланысты мемлекеттік орғандарға террористік және экстремистік көріністерге қарсы күресті тоқтатапай жалғастыру үшін барлық азаматтарды, әр түрлі қоғамдық құрылымдарды, кәсіпті, діни ұйымдарды, БАҚ өкілдерін белсенді түрде қатыстыру маңызды. Жоғарыда аталған мемлекеттік емес ұйымдарды бірлесе отырып қызмет жасауға шақыру және соған жағдай жасау қажет.

Сонымен қатар, жастармен жұмыс жасау, әр түрлі діни ұйымдар мен олардың басшыларымен жұмыс жасап, радикализмнің нағыз сенімнен айырмашылығын түсіндіру маңызды. Керекті ақпаратты БАҚ өкілдеріне саналы түрде беру, ғаламтор мен әлеуметтік желілердің экстремистік контент үшін қолданылуын тыю. Осы шаралардың бәрі қоғамда зорлық пен экстремизмді жоққа шығаратын атмосфераның пайда болуына мүмкіндік береді.


 




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 19:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 00:18
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек, 16:31
    Туған тілім – тірегім!
    17 Тамыз, 10:36
    Тіл үйрету тегін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30