Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматыда Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің бірегей үлгісін талқылаған дөңгелек үстел өтті

  • Алматыда Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің бірегей үлгісін талқылаған дөңгелек үстел өтті

    Алматыда Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің бірегей үлгісін талқылаған дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласының «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалында ұлттық-мәдени орталықтардың және БПҰ мүшелерінің қатысуымен «Бірлігіміз жарасқан» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы


Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Өйткені Қазақстан барлық ұлт өкілдерінің даму алаңы сияқты, ынтымақты мекен. Осындай берекелі тіршіліктің, баурымалдықтың, сыйластықтың арқасында барлық ұлттардың мәдени құндылықтары артып келеді.


- Рухани құндылықтар әрбір адамды жақсылыққа және мейірімділікке тәрбиелейді. Әлі күнге дейін негіз ретінде әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешімі жүзеге асырылды, ал қазір рухани және жалпыадамзаттық құндылықтарды байыту жолдарына назар аударатын кез келді, - деді «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нәйля Ордабаева.


Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Кездесу қатысушылары адам өміріндегі ең бастысы – бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру деген ортақ пікірге келді. Қазақстанда әрқашан тұрақтылық пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуде басымдылық қойылады.


- Бүгін әлемнің әр қиырында түрлі деңгейде ұлтаралық, мемлекетаралық қақтығыстар болып жатыр. Оларға қарап қазіргі біздің өмір салтымызға риза болуымыз тиіс. Еліміздің игілігі үшін жасалатын әрбір қадамды қабылдай білуіміз керек, - деді мемлекет және қоғам қайраткері Асылы Осман.


Өз кезегінде ҰМО басшылары Мемлекет басшысының жобалары халқымыздың санасының өсуінде ерекше қамқорлықтың, рухани бейнесінің көрінісі болатынын атап өтті. Мұндай іс-шаралар мемлекеттілікті, бірлік пен келісімді нығайтады, сондай-ақ жастардағы азаматтық пен патриоттық сезiмдi қалыптастыруда көмектеседі.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 208    Пікірлер: 0

жұма, 10.08.2018, 11:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Тамыз, 10:36
    Тіл үйрету тегін
    13 Маусым, 12:07
    Достық әні шырқалды
    16 Мамыр, 12:50
    Төбемізде бір аспан

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31