Алматыда туристерді тарту жолдары талқыланды

Алматыда туристерді тарту жолдары талқыланды

Алматы қаласында «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен еліміздегі туризм саласын дамытуды талқылаған жиын өтті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.
Елімізде туризм саласы дамыса шетелден қонақтар көптеп келіп, еліміздің, қалаларымыздың керемет жерлерін тамашалау арқылы елге, жерге деген құрметтері бұрынғыдан да арта түсері даусыз. Осы арқылы халықтардың достығы, ұлттардың бірлігі нығайып, қарым-қатынасы күшейе түсер еді. Еліміздің туризмін одан әрі дамыту үшін шетелдік арналарға жарнамаларды көбірек шығарып әр қаланың әдемі жерлері туралы роликтер түсіру қажет. Бұл туралы еліміздің туристік ақпараттық орталықтарының кездесуінде айтылды. Жиынға келгендер өз жоспарларымен бөлісіп, туризмді ілгерілету бойынша ойларын ортаға салды.
Өткен жылы Алматыдағы туристік нысандар туралы ауқымды ақпарттық база әзірленген. Сол арқылы қала тұрғындары мен қонақтары әр нысан туралы толық мәлімет алуына болады. Жалпы шараның мақсаты – өңірлердегі туристік ақпарттық орталықтар арасында әріптестік қарым-қатынас орнатып, ішкі туризмді дамыту.
«Алматыға келгісі келетіндердің саны күн санап артып келеді. Көбіне, АҚШ пен Аустралиядан келетін туристер көп. Біз Алматыны тек шетелдік қонақтарға ұсынбаймыз. Қала тұрғындарына да әдемі жерлерге барып, демалуға кеңес береміз. Ол үшін мегаполис көшелеріне арнайы тақтайшалар қойдық. Онда демалыс күндері қай жерге барып, уақыт өткізуге болатыны көрсетілген. Сонымен қатар, Алматыны шетелге кеңінен таныту мақсатында арнайы бейнероликтер дайындап жатырмыз. Маркетологтармен жұмыстар жүргізілуде», - деді Visit Almaty директоры Камила ЛҰҚПАНОВА.
– VisitAlmaty туралы айтар болсақ Алматының мәдени, тарихи орындарын көпшілікке таныстырумен айналысады. Қалаға туристерді көптеп тарту. Саяхаттап келгендерге қаладағы көрікті жерлерді аралату. Өйткені келген қонақтар тарихи орындарды, демалыс аймақтарын елдің бәрі бірдей біле бермейді. Сондықтан ұлттық тағамдардың дәмдісін, демалыс орындарын туристер білсе екен деген мақсатпен VisitAlmaty құрылған. Қаланың артықшылығын бүкіл қазақстандықтар, содан кейін алыс-жақын шетелге танытуды басты назарда ұстайды. Бағыты – қала аумағында орналасқан көне тарихи орындарды насихаттау және қаланың мыңдаған мүмкіндіктері табыс көзі екенінен хабардар ету.

– Туристік ақпарттық орталықтар жұмысын мемлекеттік және жеке-меншік әріптестік жоба деп қарастыру керек. Бұл жерде туризм саласындағы жеке компаниялардың белсенділігін арттыру көзделіп отыр, - деді жиын барысында «KazakhTourism» АҚ ҰК басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста