Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

​Алматыдан бастау алған «Ынтымақ» шеруі оңтүстікке жетті

  • ​Алматыдан бастау алған «Ынтымақ» шеруі оңтүстікке жетті

    ​Алматыдан бастау алған «Ынтымақ» шеруі оңтүстікке жетті

Алматылық Қазақстан халқы Ассамблеясының 40-қа жуық мүшелері «Ынтымақ шеруі» жобасы аясында Түркістан облысына және Шымкент қаласына барды. 


Құрамында ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері, ғалымдар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және журналистер енген  делегацияны  Түркістандықтар ерекше ықыласпен қарсы алып, Отырар ауданындағы және Түркістан қаласындағы тарихи-мәдени орындарымен таныстырды. Қонақтар Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өзара тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы ассамблея мүшелерімен кездесті. Басқосуда Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов алматылық делегацияға қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бағытында өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.


Өз кезегінде Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай көпшілікті Түркістан облысының құрылуымен және Шымкент қаласының республикалық мәртебеге ие болуымен құттықтап, «Ынтымақ шеруі» жобасының маңызына тоқталды.


- Алматылық ассамблея мүшелері оңтүстік өңірдегі оңды істермен танысып, тың бастамаларға куә болып жатыр. Елдің берекелі бірлігін нығайтуға бағытталған игі іс-шаралар аз емес екен. Мемлекет басшысы айтқандай елдің берекелігі мен ырысты ынтымағы дамуымыздың негізі. Осы бағытта Түркістан облыстық және Шымкент қалалық ассамблея мүшелерімен бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыруға келісіп отырмыз, - деді Ғабит Тұрсынбай. Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Людмила Хочиева жергілікті халықтың қонақжайлылығына ризашылығын білдіріп, оңтүстіктегі ассамблея мүшелері қолға алған «Қазақ дастарханы», «Халықтық бренд», «Достық керуені» секілді жобалардың өзге өңірлерге үлгі болатын жеткізді. Іс-шара аясында Алматылық этномәдени бірлестіктері жанындағы шығармашылық ұжымдар дайындаған концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды. Одан кейін қонақтар Шымкенттің көрікті жерлерін тамашалады. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 134    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.11.2018, 14:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша, 00:15
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек, 00:18
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек, 16:31
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30