Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Алматының этномәдени бірлестіктері мемлекеттік тілді білу бойынша сайысты

  • Алматының этномәдени бірлестіктері мемлекеттік тілді білу бойынша сайысты

    Алматының этномәдени бірлестіктері мемлекеттік тілді білу бойынша сайысты

Алматы қаласының Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша «Тіл – татулық тірегі» атты байқау өтті.


Іс-шараға Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, профессор, тарих ғылымдарының докторы Кан Георгий Васильевич, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Алматы қаласы жоғарғы оқу орындарының студенттері, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері және қаланың белсенді жастары қатысты.


Басты бағыттардың бірі біздің мемлекетіміздегі білім беру жүйесінің рөлін ауыстыру болып табылады. Инновациялық ойлау және оған негізделген инновациялық қызмет, өз кезегінде, әлеуметтік өзгерулерге бейімделу стратегияларының бірі болып табылады. Осы мақсатқа жету векторы Қазақстан Республикасының жастары болып табылады.


Мемлекеттің дамуындағы жастардың үлкен үлесі осындай іс-шараларды өткізу қажеттілігін туындатады. Іс-шара қазіргі кездегі өзекті мәселелерді айқындауға, дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға және заманауи жастардың мәдени деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы іс-шараны өткізе отырып, ұйымдастырушылар, жастарды, этносаралық келісім мен отансүйгіштік идеяны тарата отырып, қоғамдық қызметке тарту мақсатында, өз алдына осы міндеттерді қойды. Іс-шара біткеннен кейін жеңімпаздар естелік жүлделер мен дипломдарға ие болды.


Осы ретте айта кету керек, Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдігі аймақта болып жатқан барлық оқиғаларға белсене атсалысып келеді. Этномәдени орталықтардың өкілдері түрлі қайырымдылық шараларын өткізіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созудан жалыққан емес. 


Еркенұр ЕРзия




Көрілген: 162    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша, 00:15
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек, 00:18
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек, 16:31
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30