Алматының көрікті жерлері шетелдіктер көзімен

Алматының көрікті жерлері шетелдіктер көзімен

Алматыны дамытудың негізгі драйверінің бірі – туризм. Осы саланы дамыту бағытында шаһарда атқарылып жатқан жұмыс көп. Ең бастысы, ол үшін бізде барлық қажетті мәдени, тарихи, геогра­фиялық және климаттық жағдайлар бар.

Бұрнағы күні Алматыға респуб­ликалық «Blogcamp Almaty» блог-туры аясында Самара, Бішкек және еліміздің барлық өңірінен журналис­тер мен блогерлер келді. Олар шаһарда үш күн болып, қаланың ту­ристік әлеуетімен таныс­ты. Алматы қаласы әкімдігі ұйым­дастырған аталған турдың мақсаты – қаланың туристік тартымдылығын халық­аралық деңгейде арттыра түсу. Қонақтар үш күн бойы Алматының музейлерін, көрікті жерлерін аралап, ұлттық тағамдардан дәм татып, тауға серуенге шықты. Бір сөзбен айтқанда, мегаполистің барлық көзтартар көрікті жерлері көрсетілді. Олар Алматыны аралап қана қоймай, қызықты ақпараттар алды. Шаһардың тарихи мекендерін өз көздерімен көріп, танымдық әсер алып, бұрын бейтаныс жерлердің қыр-сырын біліп қайтты.

 


Алматы туризмінің тынысын ашып, арнасын кеңейту қажет

 

Артем ЖИВОГЛЯД, Самарадан келген блогер:

 

Жалпы, бұл іс-шарадан алған әсерім керемет. Алматы – көңілімнен шықты. Жаңа заманауи қала екені көрініп тұр, көркіне көз тоймайды. Алматының әсем табиғаты мен көрікті жерлері кез-келген елден келген туристерді өзіне баурап алуға қауқарлы. Ол үшін Алматы туризмінің тынысын ашып, арнасын кеңейту қажет. Білуімше, Алматының әсем көркін тамашалауға келгісі келетін туристер саны өте көп. Тек оларға қызмет көрсету сапасын заманауи стандарттар деңгейіне көтеріп, ақпараттық насихат жұмыстарын бір жүйеге келтіру керек деп ойлаймын. Алматының көпке танымал Медеу, Шымбұлақ сияқты көрікті жерлерімен шектеліп қалмау керек. Бұл қаланың бай дәстүрі мен тағылымды тарихы бар екеніне көзім жетті.

Жамбыл атындағы кітапхана қатты ұнады. Бір жағы кітапхана жастардың зияткерлік орталығы деуге де болады. Классикалық кітапхананы жастардың коворкинг орталығымен ойдағыдай үндестіре білген. Кітапханада кітаптардан бөлек, электронды ақпаратпен жұмыс істеуге, жаңа шығармалармен танысуға, деректі және ғылыми-танымдық фильмдерді көруге мүмкіндік беретін заманауи «Open space» орталығы бар. Сонымен қатар, кітапхана жоғары жылдамдықтағы WІ-FІ желісіне қосылған. Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін тамақтану бөлмесі де жұмыс істейді. Керемет.

Қазір жүрген жерімде елдеріңізді насихаттап жүремін. Алдағы уақытта да Қазақстанға келуді жоспарлап отырмын.

 

Тарих мұражайы қатты ұнады

 

Шолпан ҰЛАМБЕКОВА, Бішкек, блогер, тележүргізуші:

 

– Бішкек қаласынан үш адам келдік. Қала бізге өте ұна­ды. Бұл сапар мен үшін тамаша әсер қалдырды. Бұл менің Алматыға алғаш келуім емес. Дегенмен, мұнда келген сайын қаланың жылдан-жылға көріктеніп, абаттанып бара жатқанын байқау қиын емес. Қашан да табиғаты, ауа-райы ерекше әсер қалдырады. Алматының Шымбұлағына шыққандағы сезімімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шаһардың мың жылдық тарихын айшықтайтын Алматы тарихының мұражайы қатты ұнады. Мұражайда үш тілде ақпарат таратуы, дыбыстық сүйемелі бар голограммалық көріністердің болуы, сирек жәдігерлердің көптеп қойылуы үлкен әсер қалдырады. Бір шетінен бұл жер маған Берлин­дегі Холокоста мұражайына өте ұқсас болып көрінді.

 

Алматының көркіне көз тоймайды

 

Мақсат ШАҒЫРБАЕВ, Шымкент қаласы, фотограф:

Алматыға ат басын тіреген жандардың көбі қаламен танысуды ең бірінші метродан бастайды екен. Мың рет естігеннен гөрі, бір рет көзбен көрген дұрыс қой. Мен үшін заманауи жерасты нысаны үлкен әсер қалдырды.

Алматының көркіне көз тоймайды. Қала­ның әр даңғылы мен көшесі, әр саябағы жасыл желекке, әдемі гүлзарлар мен гүлдестелерге оранып, субұрқақтары қала табиғатын одан әрі сұлуландырып тұр. Алматы қаласы қай кезде де ел ішінде тартымды қала саналатын.

Жалпы, Алматының көрікті жерлерін суреттерім арқылы сөйлетемін ғой.

 

Қалада көп нәрсе өзгеріпті

 

Юрий ГОНЧАРОВ, Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты:

 

Алматыда соңғы рет осыдан үш жыл бұрын болдым. Көп нәрсе өзгеріпті.

Мың жасаған шаһардың бай тарихымен танысып, ұлы мұраларын аралап, көріп қайтуға үлкен мүмкіндік алдық. Иә, әрине, кемшіліктер де жоқ емес. Мен қаланың тазалы­ғы туралы сөз қозғағым келмейді, өйткені ол мінсіз емес. Кемшілігі де сол. Бірақ олар барлық артықшы­лықтардың қатарында байқалмайды. Алматының көркем қала екенін білеміз ғой. Алайда, осы жолғы сапарымда Алматы мені расымен таңқалдырды. Өзім үшін көп нәрсе алдым.

Алматыда жаяу жүргіншілерге басымдық берілгенін байқадым. Веложолдардың көптігі ұнады. 

Алматы ақшамы газетінен

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста