Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Ассамблея "Мектепке жол" қайырымдылық шарасына атсалысады

  • Ассамблея

    Ассамблея "Мектепке жол" қайырымдылық шарасына атсалысады

Биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына 11 жыл толып отыр. Жыл сайын еліміздегі ассамблея орталықтары қайырымдылық жұмыстарына атсалысу кезінде "Мектепке жол" акциясынан да қалыс қалмайды. Былтыр да Алматы қалалық ассамблеясының қолдауымен жүздеген бала мектеп табалдырығын аттаған болатын. Биыл да бұл игі шара жалғасын табады деп жоспарлануда. 


Еліміз бойынша бастау алған қайырым мен мейірімге толы бұл іс-шараның арқасында мыңдаған бала қолына қалам алып, қара таныды. Өзі сияқты балақай­лармен қатарласып мектеп партасына отырды, сөмкесі сабаққа қажетті құрал-жаб­дыққа толды. Осынау он жылға көз салсаңыз, 2 миллионнан астам балаға жалпы сомасы 7,9 миллиард теңгеден астам көмек пен қолдау көрсетілген екен. Бұл қайырымдылыққа толы шараға мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдар, этномәдени орталықтар, жүрегі жұмсақ қарапайым жандардың өздері де белсене атсалысады.


Жақында мамандар 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясының басталғанын жариялады.Он жыл ішінде 2 миллион 600 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 17 миллиард 800 миллион теңгеден астам материалдық көмектің көрсетілген.Атымтай жомарттардың қатарының артып келе жатқанына қуантады. 


Нұрбек Оршубеков, Қазақстан Республика­сының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:


– Осы мүмкіндікті пайдаланып, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, «Нұр Отан» партиясына, діни ұйымдарға, демеушілерге жыл сайын республикалық масштабындағы осындай беделді миссияға қатысқаны үшін алғыс білдіргім келеді. Барлық демеушілерге үлкен алғысымды білдіремін. Сіздің көмегіңіз – мемлекеттің және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптасты­руға және мұқтаж балаларға нақты қолдау көрсетуге баға жетпес үлес.Сіздердің игі істеріңіз еліміздің басқа азаматтарына үлгі болатынына сенімдімін. Биыл акция аясында білім беру органдары мен ұйым­дары тамыз-қыркүйек айларында бірқатар іс-шараларды өткізеді. Біріншіден, әрбір елді мекенде, қала маңындағы саяжайларда, бөлімдерде, фермаларда «тәуекел тобын­дағы» (қадағалаусыз және панасыз балалар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар және мигранттар, қайыр­шы балалар, далада жұмыс істейтін балалар және т.б.) балаларды анықтау үшін рейд жүргізіледі. Екіншіден, рейдтердің қоры­тындысы бойынша «тәуекел тобындағы», отбасылардан шыққан және әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың персоналды тізімдері жасалып, білім беру органдарына және демеушілерге беріледі.Үшіншіден, акция кезеңінде білім беру мекемелері мен ұйымдарында сенім телефондары мен қоғамдық қабылдаулардың үзіліссіз жұмысы ұйымдастырылады. Ірі сауда орталықтарында гуманитарлық көмек пункттері орнатылады. Мұқтаж жандарға, сондай-ақ, демеушілік көмек көрсетуді қалайтын кез-келген адамдар ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілеттігінің «111» ұлттық байланыс орталығына немесе Бала­лардың құқықтарын қорғау комитетінің 74-25-28 сенім телефонына хабарласуға болады. Қажетті ақпаратты Комитеттің www.bala-qqk.gov.kz веб-сайтынан алуға болады. Бүгінгі күні жергілікті билік органдары көмекке мұқтаж балалардың тізімін дайындады. Бұл шамамен 323 мың бала, бірақ тізімдер ата-аналардан өтініш­терді қабылдау арқылы толықтырылады. «Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады және бәріміз де оған белсенді қатысуға мүмкіндік бар. Жергілік­ті атқарушы органдардың назарын аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар­ды мектепке қауіпсіз тасымалдауды және қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау қажеттілі­гіне аударғым келеді.


Еліміздің ертеңі болатын балалар бүгін көмекке зәру болса, қол ұшын созып, қолдау көрсетейік! 




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 17:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша, 00:15
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек, 00:18
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек, 16:31
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31