«Азаттықтың ата заңы» мерекелік шарасы өтті

«Азаттықтың ата заңы» мерекелік шарасы өтті

Жақында Алматы қаласы Медеу ауданында Ата Заң мерекесіне арналған арнайы жиын өтті. Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі.

Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Ал Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.

Медеу ауданы әкімінің аппараты мен Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Азаттықтың ата заңы» атты мерекелік шара өте кең көлемде болып өтті. Аталмыш іс-шараны ұйымдастыруға, өтуіне аудандағы этномәдени бірлестіктер де үлес қосты.

Іс-шараға Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Ата заңымыздың осы жылдар ішіндегі жетістігі сөз болды.

Іс-шара соңы ҚР эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. 

Еркенұр Ерзия  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста