Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Биыл «Нұрсұлтан» шыңына 200-ден астам адам шықты

  • Биыл «Нұрсұлтан» шыңына 200-ден астам адам шықты

    Биыл «Нұрсұлтан» шыңына 200-ден астам адам шықты

Астананың 20 жылдық мерейтойының құрметіне «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Нұрсұлтан шыңы» альпиниадасы өтті, – деп хабарлайды Алаш айнасы.

Бірер күн бұрын Альпинизм федерациясының вице-президенті Ержан Еркінбаев Instagram-дағы жеке парақшасында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің де Нұрсұлтан шыңына шыққанын хабарлаған болатын. Ол өз жазбасында «Бүгін Алматы әкімімен бірге Нұрсұлтан шыңына шықтық. Баршаңызды Астананың 20 жылдығымен және Елбасының туған күнімен құттықтаймыз», – деген еді.

Биылғы спорттық шараның ашылу салтанатында белгілі альпинист Мақсұт Жұмаев келген қонақтар мен қатысушыларды Елорданың мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар ол өз сөзінде альпинизмнің пайдасы туралы айта келіп жұртшылықты осы спорт түрімен айналысуға үндеді.

Алматы қаласында өткен дәстүрлі шараға биыл бес мыннан астам адам қатысты. Қатысушылардың арсында кәсіби спортшылар да болды. Теңіз деңгейінен 4 мың 376 метр биіктікте орналасқан «Нұрсұлтан шыңын» 200-ден астам адам бағындырды.

Тағы бір айта кетерлік жаңалық биылдан бастап теңіз деңгейінен 4068 метр биіктікте орналасқан «Физкультурник шыңы» «Қазақстан Халқы Ассамблеясының шыңы» деп аталатын болды.

Бұл жылы альпиниадаға қатысушылардың саны жылдағыдан да көп деуге болады. Шараға қатысушылар алдымен Медеу-Шымбұлақ-Талғар асуы мен «Богданович мұздығына» шықты, содан кейін «Қазақстан халқы Ассамблеясы шыңын» бағындырды. Ал ең негізгі нүкте «Нұрсұлтан шыңына» шығу еді. Шыңды бағындыру үшін альпинистер таңғы сағат 5-тен бастап жолға шықты.

«Меннің жасым 81-де. Міне осылай альпинизммен шұғылдануымның арқасында денсаулығым жақсы деп ойлаймын. Өйткені 1956 жылдан бері тұрақты түрде тауға шығумен айналысамын. Сондықтан барлықтарыңыз да салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысыңыздар дегім келеді», – дейді Валентина Лерикова атты спорттық шараға қатысушы қария.

Шара барысында қатысушылардың қауіпсіздігіне барынша көңіл бөлінген. Төтенше жағдайлар комитетінің кезекші құтқарушылары, медицина саласының шатырлы пункттері тауға шығатын бағыттың бойында мұқият жұмыс атқарып, арнайы тікұшақтар да сақадай сай тұрды.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда бұл спорттық шара 1995 жылдан бері өтіп келе жатыр екен. Ол кезде «Комсомол шыңы» деп аталған. Ал, 1998 жылдан бастап «Нұрсұлтан шыңы» деп аталыпты.

Биыл да спорттық шарада жүлдегерлер мен жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталды. Ал, альпиниадаға белсенді түрде қатсықандарға сертификаттар табыс етілді. Шара соңында жиналған жұртшылық әншілердің концерттік барғадарламасын тамашалап мерекелік көңіл-күймен тарқасты.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 10:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 00:18
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек, 16:31
    Туған тілім – тірегім!
    17 Тамыз, 10:36
    Тіл үйрету тегін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30