Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Достық әні шырқалды

  • Достық әні шырқалды

    Достық әні шырқалды

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Елбасымыздың «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласы аясында достықты, тарих пен мәдениетті арқау еткен әсерлі кеш өтті. Кешті «Қоғам­дық келісім» коммуналдық мекемесі мен Алматы мемлекет­тік бизнес колледжі ұйымдастырып, оған қала­мыздағы этно-мәдени бір­лестіктер төрағалары мен мүше­лері, колледж студенттері қатысты.


– «Бүгін өте бір жылы шуақ шашқан күн болды. Қонақжай шаңырағымызға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері келіп, жастарымызға ұлы достықтың өнегесін көрсетіп отыр. Үлкен шаңырақ астындағы бейбітшілік бесігіне тербелген мемлекетіміздің тату тіршілігі мен ауызбіршілік арқасында Елбасымыз салған сара жолмен келе жатқанымыз туралы жастарға жан-жақты айтып берді. Біздің колледжде 16 ұлттың өкілі білім алып жатыр. Олар білім алып, маман болып шығады. Сонымен қатар, өз ұлттары­ның тарихын, салт-дәстүрін де дәріптеп, терең танитын болады, – дейді колледж басшысы Гүлфайруз Қасымова.


Колледжде білім алып жатқан жастар шетінен өнерлі. Сахнаға кезектесе шыққан жастар 16 ұлттың ұлттық өнерін көрсетті.


– Шын мәнінде бүгінгі кеш өте маңыз­дылығымен ерекшеленіп отыр. Бұл кешіміздегі шынайы достықтың, тұрақ­тылықтың жарқын көрінісі, – деп атап көрсетті «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Жаннат Шарапханқызы.


Кеш барысында студенттер арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихына байланысты конкурс ұйым­дастырылды. Ұтымды жауап қайтарған студенттерге естелік сыйлықтар табыс етілді. Кеш соңында қонақтар әр түрлі этностардың ұлттық асхана­ларының көрмесін тамашалады.


Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 90    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.06.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 12:07
    Достық әні шырқалды
    16 Мамыр, 12:50
    Төбемізде бір аспан
    7 Мамыр, 18:05
    Ұлттар достығы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30