Елімізде қазақша білмейтін түрік жоқ

Елімізде қазақша білмейтін түрік жоқ

Қазақстандағы түрік диаспорасы өкілдерінің 97 пайызы қазақ тілін жеьтік меңгерген. Еліміздегі қазақ мектептерінде оқитын түрік балаларының қатары соңғы 20 жыл ішінде 58 пайызға артты. Бұл деректі "Ахыска" республикалық түрік ұлттық-мәдени орталығы қызметкерлері нақтылап отыр.

"Түрік халқының арасында 1997 жылы мемлекеттік тілде білім алған оқушылардың саны 20 пайыз болатын, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз болды, 2005-2007 жылдары 55 пайыз, ал 2010 жылы 65 пайыз түрік мемлекеттік тілді меңгерді. Ал бүгінгі таңда оқушыларымыздың 78 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатыр. Біз түбі бір түркі халықтарымыз, сондықтан да халықтың 97 пайызы мемлекеттік тілде сөйлеп жүр", - дейді Алматыдағы «Ахыска» Түрік ұлттық орталығының төрағасы Касанов Хусеин Исмиханович .
Оның айтуынша, шетелден Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін түрік кәсіпкерлері арасында да қазақша сөйлейтіндер өте көп. "Қазақстан Тәуелсіздігін алған 24 жылдың ішінде ешкімге қазақ тілін үйрен деп, зорлап талап қойған жоқ. Қазақстанның кең жері сияқты қазақ халқының жүрегінің кеңдігі сонша, қандай ұлт өкілі болмасын Қазақстанда өзін еркін сезінеді, бұған бәріміз де күәміз. Бүгінгі таңда Қазақстанда тұратын барлық ұлттың өкілі қазақ халқының дәстүрін, тарихын, мәдениетін, тілін біледі, құрметтейді", - дейді ол.
«Ахыска ұлттық орталығы еліміздегі елеулі мерекелер мен атаулы күндерге қщатысты түрлі шаралар ұйымдастырып отырады. Міндетті түрде тойланатын мейрамдардың қатарында бүкіл түркіге ортақ Наурыз меркесі, Тәуелсіздік күні, Жеңіс күні, Алғыс айту күні, Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы, қарттар мен ұстаздар мекерсі бар. Сондай-ақ түрік дисапорасы еліміздегі Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Конституцияның және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, ЭКСПО-2017 секілді мемлекеттік маңызы бар мейрамдарға бір кісідей атсалысты.

Түрік атауы көне «түркі» сөзінен шыққан. Басқа да атаулары кең тараған: түріктер, түрік-жавахтар, месхетин түріктері, алхалцих түріктері, месхетиндер, Кавказ түріктері. Түріктердің этногенезі екі негізгі компоненттен тұрады: Азия мен Кавказ өңірінде жаппай пайда болуы ІІ ғасырда басталған месхтардың грузиндік тайпалары және түріктер. Месхет жотасы ауданы грузин патшалары мен түрік сұлтандарының билік ету аясын бөліп тұратын шекралық аймаққа айналды. XIII ғасырдағы монғол басқыншылығы мен 1395 жылғы Темір жорығынан туындаған жаппай қоныс аудару Грузияның оңтүстік-батыс шекаралық аудандарында, әсіресе оңтүстіктен басып кіруден әлсіз қорғалған Месхетияда түріктер санын көбейтті және кейіннен оның тұрғындарының бір бөлігінің осман түріктеріне сіңісіп кетуін жеңілдетті. 1555 жылы Самцхе-Саатабагоның Осман империясы құрамына енгеннен кейін Месхетия аумақтары түрік этносының әсер ететін аймағында қалып, Ахыска патшалығы деп аталды. Түріктермен жергілікті тұрғындардың сіңісуі діни және тілдік бағытта да жүргізілді.
1928–1937 жылдары Ахыска түріктері репрессияға ұшырады. Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен-ақ барлық ер адамдар майданға (40 мыңнан астам, 26 мыңы соғыстан қайтпаған) жұмылдырылды. 1944 жылы қыста Ахыска түріктері Грузияның Ахалцих, Алиген, Адиген, Аспиндз, Ахалкалак және Богданов сияқты оңтүстік және оңтүстік батыс шекаралық аудандарынан Орта Азия мен Қазақстанға күштеп көшірілді. Барлығы 115,5 мың адам депортацияланды. Олар негізінен әйелдер, балалар және қарттар. Олардың 17 мыңы жолда қырылып кетті. Ахыска түріктері Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның әртүрлі облыстары мен жекелеген кенттеріне «ерекше жер аударылғандар» ретінде шоғырландырылды.
Басқа да халықтар сияқты Ахыска түріктерінің де өмірінде көп қиындықтар кездесті. Сол бір тар жол — тайғақ кешу жылдары, жоғалып кету, жан-жаққа ыдырап тарап кету, дәстүрлерін, салттарын, тілдерін, мәдениетін жоғалтып алу және халық ретінде құрып кетудің қаупі төнді. Бірақ біздің халық ешбір қажымастан қауымға сіңісе білді, өз тілінде сөйледі, дәстүрлері мен салттарын сақтады, ешқашанда өз тарихының ащы сабақтарын ұмытқан емес. Дегенмен де, көрген қуғыншылыққа қарамастан түріктер тірі қалып, мәдениетін, ұлттың өзіндік ерекшелігін сақтап қала алды. Түріктердің тірі қалуына бірден бір септескен қазақ халқының жер аударылғандарды өте жылы қабылдауы еді. Аса бір қиын соғыстан кейінгі жылдары оларға қолдарынан келгеннің бәрін жасап, мүмкіндігінше көмек көрсетті. Оларға баспана беріп, бір үзім нанды бөліп жеді. 1956 жылы олардан арнаулы жүріп-тұру бойынша шектеу алынды, сөйтіп біразы Кавказға қайта оралды. Кеңестер Одағы тарағаннан кейін де депортацияланған халықтардың көбі өздерінің тарихи отанына орала бастады. Ал түріктер қайта алмады. Туған жері Грузия шекарасы олар үшін жабық еді. Қоныс аударушыларды қабылдап жатқан Түркияға да кетулеріне болар еді, бірақ ол жер Ахыска түріктерінің туған жері емес. Сөйтіп, түріктерді еркін де тыныш өмір сүретін мекеніне — Қазақстан жеріне тарихтың өзі қоныстандырды. Түріктердің көбі Қазақстанда біржолата орнығып қалды.
Ресми мәліметтер бойынша ҚР аумағында 84 000 түрік тұрады (01.01.2005 ж.), бірақ шындығында 150-200 мыңдай адам бар. Олардың нақты санын анықтау қиын, өйткені көптеген түріктердің төлқұжаттарында ұлты «әзірбайжан» болып көрсетілген. Оның бәрі тоталитарлық тәртіптің шектен шығуының салдарынан, көптеген түріктер төлқұжаттарында «бейтарап» ұлтты көрсетуге мәжбүр болғандығынан орын алды. Кейде оларды оған күштеп те мәжбүр етті. Қазірде бірінің ұлты түрік, екіншісі – «әзірбайжан» болған бірге туған екі азаматты кездестіруге болады. Тоталитарлық билік адамдардың өткенін, түп-тамырын ұмытуы үшін бәрін жасады. Бірақ түріктердің ынтымағының арқасында олар өз мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерін сақтай алды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен Ахыска түріктері ұлттық кемсітушіліктен біржола арылды. 1991 жылдың ақпан айында Алматыда «Түркия» түріктер қоғамы республикалық ұйымы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты елдегі ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттерін өзара жан-жақты байыту, түріктердің дәстүрлері, салттары және тілдерін сақтау және дамыту, жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу болды.
1996 жылы “Ахыска” қоғамдық ұйымы Түрік ұлттық орталығы ретінде қайта аталып, қайта тіркелді (ТҰО), оның төрағасы болып Қурдаев Тофик Ашимұлы сайланды. Осы кездері облыстарда, аудандарда түрік-ахыскалар көп шоғырланған жерлерде қоғамның филиалдары ашыла бастады. Ана тілін үйрететін сыныптар мен жексенбілік мектептер ашылды. Ұлттық ән-би ұжымдары ұйымдастырылды. Ұлт мәдениетінің кең ауқымда қайта түлеуі үшін жағдай жасалып, әртүрлі деңгейдегі фестивальдар өткізілетін болды.
Қазіргі кезде Алматы облысының 12 орта мектебінде, түрік диаспораларының жинақталып тұрған жерінде түрік тілі сабағы өтеді. Туған тілінде оқитын балалар Қазақстандағы Түрік Республикасы елшілігінің көмегімен оқулықтармен, оқытушылар әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіледі. Мұғалімдер, балалар конкурсының жеңімпаз — оқушылары, қоғам белсенділері үнемі бағалы сыйлықтармен марпатталып отырылады. Жыл сайын 15-20 жас азамат Түркия Республикасына жоғары оқу орындарына оқуға жіберіледі. № 99 Алматы мектебінің базасында түрік тілі мұғалімдері үшін семинарлар ұйымдастырылады. Ұстаздар әр кездері Түркияға қабылдаушы жақтың қаржысы есебінен сынақтамаға жіберіледі. Түрік тілінен сабақ беретін 10 оқытушы Түркия үкіметі өткізетін семинарларға жыл сайын қатысады.
Сонымен қатар, оқу жылы ішінде Түркия елшілігі білім беру бөлімі «Ахыска» орталығы білім беру бөлімімен бірлесе отырып, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын өткізеді. Орталықта «Ахыска» футбол клубы құрылған, ол Қазақстан Республикасы чемпионатының 2-ші лигасының турниріне қатысады. Жыл сайын ұлттық спорт түрі «Гюреш» күресінен турнир, жасөспірімдер және ересектер арасында футболдан чемпионат өткізіледі. Республикалық, облыстық, және аймақтық мәдениет фестивальдары ұйымдастырылады.
Қазақстандағы түрік диаспорасына Түркия үкіметі үлкен қолдау көрсетіп отыр. «Мико» ұлттық театрының құрылуы халықтың мәдени және рухани дәстүрлерін дамытудағы маңызды кезең болып саналады. Театр труппасының қатысуымен «Тәтті бұлақ» атты алғашқы көркем фильм туған тілінде шығарылды. Бүгінде екінші фильмді түсіру аяқталды, ол «Қарыз» деп аталады.
2000 жылдан бастап үш тілде (қазақ, түрік, орыс) түрлі түсті қалыпта «Ахыска» газеті шығарылады. Ол біздің отандастарымыздың арасында үлкен сұранысқа және республикадағы ұлттық БАҚ арасында жоғары беделге ие. Түркияның SSN – TURKİYE телекомпаниясы түріктердің тіршілігі, дәстүр-салттары туралы телевизиялық деректі фильм түсірді.
«Ахыска» түріктерінің ішінен шыққан жазушылар мен ақындардың кітаптарын шығаруға және көбейтуге Түркия үкіметі тарапынан жан-жақты қаржылық көмек көрсетіледі.
Республикадағы түріктер көп шоғырланған ірі аймақ Алматы облысының Қарасай ауданы болып табылады. Оның аумағында шамамен 16 мың түрік тұрады.Қарасай аудандық түрік мәдени орталығын заңгер, ҚР адвокаттар Одағының мүшесі Камилов Илимдар Әлиұлы басқарады.
Ауданда әртүрлі фестивальдар, көрмелер, жарыстар, көркемөнерпаздар концерттері, телекөпір мен спорт жарыстары өткізіледі. Ауданда 8 саз-аспаптық ұжымдар, оның ішінде халық аспаптары ансамблі мен ұлттық би топтары бар. Аудандағы бес мектепте түрік тілінен факультативтік сабақтар өткізіледі. Үшеуінде түрік тілін оқытатын жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Ол мектепке түріктермен қатар басқа ұлт өкілдері де барады. Қаскелең қаласындағы А.С. Пушкин атындағы жексенбілік мектеп жыл сайын Алматы қаласындағы Достық Үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін түрлі байқаулар мен конкурстарда жеңімпаздар сапынан көрініп жүр. Орталықта жыл сайын ұлттық және мемлекеттік, діни мерекелерді атап өту дәстүрге айналған, ұлттық тағам және киімдер көрмелері ұдайы өткізіліп тұрады. Орталықтың белсенді мүшелері Алматыда «Біз — қазақстандық түріктерміз», «Еске алу күні» сияқты фестивальдар, футбол мен еркін күрестен халықаралық турнирлер, «Қазақстан халқының біртұтас отбасында», «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» қоғамдық-саяси акциялары сияқты ауқымды іс-шараларға белсене қатысады. Мәдени-көпшілік және спорттық шаралар аудан әкімдігімен, және басқа да ұлттық-мәдени орталықтармен бірлесе атқарылады. 

Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста