Ирина Тен: "Ата-анам Алматыда танысқан"

Ирина Тен: "Ата-анам Алматыда танысқан"

Ұлты кәріс болса да, қазақ тілін жетік меңгерген Ирина Тенді халық Қазақстан Ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасы арқылы таниды. Қазақ тілінде көркем сөйлейтін, сырт-келбеті де қазақ қызы секілді тартымды, сүйкімді, биязы ару өзінің Қазақстанда туып-өскенін мақтан тұтады. Ирина үшін Алматының орны бөлек, ыстық қала. Өйткені оның ата-анасын табыстырған әсем қала – Алматы. 

Отбасында тегіс қазақша сөйлейтін Ирина Теннің айтуынша, Отанды сүю үшін дін де, ұлт та, салт-дәстүр де маңызды емес.
«Мен егер бір адамды жақсы көрсем, оған қатысты нәрселердің бәрін қабылдауым керек деп түсінемін. Оның жұмысын, отбасын, мінезін, салт-дәстүрін, бәрін қабылдаймын», – деген ол ұлттық ерекшеліктерге мән бермейтінін жасырмады.
Өзінің отбасына тоқтала кеткен Ирина қарапайым, бірақ бақытта отбасында дүниеге келгенін жасырмай айтты.
«Әкемнің есімі Тен Сергей Владимирович, анамның есімі Тё Валентина Сергеевна. Аталарым репрессия жылдарында Арал маңына көшіп келген екен. Әкем сол жерде туылған. Ал анам Ташкенттен, екеуі Алматы қаласында танысқан. Алматы армандар орындалатын қала ғой. Осында қаншама жас, оның ішінде өзім де бармын арман қуып келеді. Сондықтан мен Алматыны ерекше жақсы көремін. Отбасымыздан менен төрт жас үлкен туған ағам бар, үйленген. Жеңгем қазақ, есімі – Шолпан. Екеуі қазір бір тәп-тәтті балапанның ата-анасы. Отбасымызда бәріміз қазақша сөйлейміз. Тіл жағынан бізде еш қиындық жоқ», – деді тележүргізуші.

Сонымен бірге, Ирина кейде тележүргізушіліктен басқа кейде той басқарудан да қашпайтынын жасырмады.
«Той басқару өте жақсы табыс көзі. Бірақ менің жеке пікірім асабалық ер азаматтарға жақсырақ жарасатын сияқты. Асаба болу, жұртты басқару, сөзіңді тыңдату, әзіліңді өткізу деген – өте үлкен өнер. Бұл кәсіппен айналысу үшін маған әлі де біраз нәрсе үйрену керек сияқты. Бірақ тәжірибемдегі той басқару жанымдағы мықты асабалар болғандықтан өте жақсы өтті», – деді ол.
Көрерменнің көзайымына айналып үлгерген Ирина әрбір қазақты бауырындай көреді екен. Қазақ пен кәріс ұлтының арасында белгілі бір ұқсастықтар бар екендігін де жасырмайды. Тіпті, кәріс ұлтының салт-дәстүрлері де қазақ халқына жақын. Иринаны кәріске ұқсайтын қазақ қызы деп ойлайтындар да аз емес. Үлбіреген арудың қазақша сөйлегенін көргендердің іштей риза болып қалатыны рас. Қазақтың салт-дәстүрін жақсы білетін Ирина халқымыздың ұлттық тағамдарын да әзірлей алады. Өз халқының мәдениетімен қатар қазақ халқының барлық әдет-ғұрпын санасына сіңірген кәріс қызы өзінің Қазақстан топырағында туып-өскенін мақтан тұтады. "Мен үшін қазақ тілі тек жұмыс құралы ғана емес. Қазақ тілін білгенімнің арқасында Алаштың ақын-жазушыларының шығармаларымен ешқандай аудармасыз таныстым. Ал қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде айтар болсақ, мемлекеттік тілді білу әр азаматтың міндеті. Кейде қазақша сөйлеуге ұялатын, қазақ тілін менсінбейтін бауырларымызды көріп жаным ашиды", – дейді ол. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста