Наурызбай ауданында Жан Ата Ивановпен кездесу өтті

Наурызбай ауданында Жан Ата Ивановпен кездесу өтті

Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты «Астана қаласының 20 жылдық» мерейтойына орай "Жан Ата" Иванов пен кездесу өтікізді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Бұл кездесуде №186 ЖББМ-нің акт залында "Жан Ата" Иванов жаңа әлемдік рекорд орнату үшін жанып тұрған майшамға көз ілмей қарап тұрды.

Шараның басты мақсаты – «Дені сау дене – дені сау рух» аясында жас ұрпақты салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Шараға Қазақстан Республикасының әскери зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Аталмыш рекордты орнату мақсаты 5 сағат 5 минут 5 секунд аралығында жанып тұрған майшамға көз ілмей қарап тұру.

«Жан Ата» Иванов алдына қойған мақсатты орындап, өзінің 8 әлемдік рекордын орнатқанын жиналған көпшілікке баяндап берді.

Көпшілікке Жан Ата  деген атпен танымал алматылық қария бірнеше жыл бұрын бес келілік металл сүйменімен жатып сығымдап көтеру жаттығуын 11 111 рет орындады. Спортшы бұған бес сағат уақытын жұмсаған болатын. Жан Ата «шынықсаң-шымыр боларсың» қағидатымен өмір сүріп, күніне екі-үш рет жаттығады. Ақсақал адамның жасы ұлғайса да, спорттық ерліктерге қабілеті бар екенін көрсетті. Бірінші рекордын сонау 1992 жылы 4 444 рет отырып-тұру жаттығуын жасап орнатқан. 2014 жылы спортшы алты келілік ағаш кесегін 9 000 рет басынан жоғары көтерді. Бұған спортшы 4 сағат 22 минут уақытын жұмсады. Келесі рекорды шамамен жарты жылдан кейін тіркелген. Жан Ата 3 сағат 3 минуттың ішінде 5 105 рет отырып-тұру жаттығуын орындаған. Атап айтқанда, ол «Медеуге» көтерілетін атақты баспалдақпен қолымен «жүрді». Бұдан басқа, рекорд орнатушы адам бойында соққыдан ауыру сезімін үш-бес метр қашықтықта тудырта алатынын көрсетті.


"Мен әскеримін, 35 жыл қызметте болдым. Бокс пен дзюдодан КСРО-ның спорт шеберімін. Юрий Андроповтың тапсырмасымен бес жыл Шаолинь ғибадатханасында өмір сүрдім", - дейді қария.

"Жастарға үлгі көрсете алатын қарттардың барын көрсеткім келеді", - дейді Жан ата.

Алаш айнасы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста