Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Ольга Шишигина Алматы қаласындағы спорт мектептерінің ұжымымен кездесті

  • Ольга Шишигина Алматы қаласындағы спорт мектептерінің ұжымымен кездесті

    Ольга Шишигина Алматы қаласындағы спорт мектептерінің ұжымымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Ольга Шишигина «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан №1 және №2 Олимпиадалық резервтегі жасөспірімдердің спорт мектептеріне барып, еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмажан Бақтуразова, партияның Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов және Алматы қаласы спорт және денешынықтыру басқармасының өкілдері қатысты.

Жиында спорт мектептерінің жұмыс уақытына өзгерістер енгізу және мектеп аумағын абаттандыру сияқты мәселелер көтерілді.

Ольга Шишигина өз сөзінде мемлекет тарапынан жас спортшыларға белсенді түрде әрдайым қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар талқыланған мәселелерді де өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Осы ретте Ольга Васильевнаның өзі де Алматы қаласының тумасы екенін айтып өткен жөн болар. Ол Алматыда дүниеге келіп, осы қалада оқыды.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 107    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 12:07
    Достық әні шырқалды
    16 Мамыр, 12:50
    Төбемізде бір аспан
    7 Мамыр, 18:05
    Ұлттар достығы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31