Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Партиялықтар балабақша ұжымымен кездесіп, әлеуметтік бастамаларды талқылады

  • Партиялықтар балабақша ұжымымен кездесіп, әлеуметтік бастамаларды талқылады

    Партиялықтар балабақша ұжымымен кездесіп, әлеуметтік бастамаларды талқылады

Алматы қаласындағы «Ясли-сад №78» балабақшасының ұжымы «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы көтерген әлеуметтік бастамалардың орындалуы мен жүйесі жөнінде сұрақтар қойды. Ал арнайы келген өкілдер барлық сұрақтарға жауап беріп, бағдарламаның ерекшеліктерін түсіндірді.

Бағдарламада балаларды мектепке дейінгі оқыту мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көтеру ең басты мәселелердің бірі ретінде қарастырылған. Бұл әсіресе Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасы аясында өзекті екенін айтып өткен жөн.

Кездесуде «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұханғали Алмасаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін талқылау барысында оның қаржылық саясатына да ерекше тоқталып өтті.

- Бағдарлама еліміздің барлық азаматтарын қамтиды, тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді, банктердің ипотекалық қарыз беру қарқынын жандандырады, жаңа экономиканың дамуына серпін береді. Сондай-ақ, жоспарға сәйкес төмен жалақан алатын жұмысшыларға салынатын салық жүктемесі 10 есе азаяды, – деді М.Алмасаев.

Ұжым еңбеккерлері бұрын алынған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру шарттарына және «7-20-25» бағдарламасының артықшылықтары мен негізгі талаптарына қызығушылық танытты.

Сондай-ақ Мұханғали Тұрашұлы әлеуметтік реформалардың механизмдерін іске асыру туралы әңгімелеп, студенттер үшін жатақхана құрылысының қажеттілігін және IT мамандықтарына гранттарды ұлғайтудың маңызына да тоқталды.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.07.2018, 11:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 16:31
    Туған тілім – тірегім!
    17 Тамыз, 10:36
    Тіл үйрету тегін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30