Рухани келісім күні аталып өтті

Рухани келісім күні аталып өтті

Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен Алматы төрінде өткен Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінде бекітіліп, күнтізбемізге енген атаулы датаны Қазақстан халқы осымен жиырма алтыншы рет қарсы алғалы отыр. Биыл да Алматы қаласында атаулы күнге орай көптеген іс-шаралар өтті.

Осы орайда тарихи күннің маңызына тоқталсақ, жалғыз Қазақстан аумағында ғана емес, жаһан мемлекеттері де атап өтетін бұл мерекенің 26 жылдық тағылымы халқымыздың тамырына дәру болып келгені сөзсіз. Бұл идея жүзден аса ұлтты бір шаңы­рақ­тың астына ұйыстырды. Олардың түрі мен тілі, діні мен ділі әртүрлі болғанымен, Қа­зақ­стан ортақ Отанына айналды. Біздің мем­лекет сонау 1992 жылы бастама көтеріп, адам­зат тарихында тұңғыш рет барлық дін өкіл­дері мен қайраткерлер, қоғамдық діни ұйым басшылары Алматы төрінде бас қос­қан болатын. Жаңа құрылған жас мемлекеттің адам­дар арасындағы алауыздыққа, діндер ара­сындағы дау-дамайларға, жанжал-қақты­ғыс­тар мен соғыстарға тосқауыл қоюға тал­пынған сол кездегі қадамы – бүгінде қа­зақ топырағындағы қаншама ұлт пен ұлыс­тың ұйыған тыныштығына тіреу болып келеді. Бағзы заманнан бері береке мен бірліктің, ынтымақ пен ырыстың, татулық пен тыныштықтың Отанына айналған қа­зақ елі осы уақыт ішінде алыс-жақынның ара­сын жарастырып, діні бөлектерді бір дөң­гелек үстел басына жинаған бітімгер мем­лекет ретінде орасан істер атқарды. Рухани келісім күнінің тарихына көз жү­гір­тер болсақ, бұл датаның да тектен тек­ке таңдалмағанын байқаймыз. Жер бетін­де­гі түрлі дін өкілдерінің басын қосып, адам­зат игілігі жолында күш біріктіруге ша­қыру талпынысы ең алғаш 1893 жылы бас­талған болатын. Алайда АҚШ-тың Чи­каго қаласында өткен Конгресс жұмысы кейін­нен аяқсыз қалып, арада аттай бір ға­сыр өткенде барып, ізгі бастаманы Қазақ­стан мемлекеті қайта жандандырған еді. Алатау бөк­терінде өткен алқалы жиынға Ұлыб­ритания, Германия, АҚШ, Италия, Швей­цария, Үндістан, Ресей, Австрия секілді әлемнің алпауыт елдері қатысып, 18 қазан­ды – Рухани келісім күні деп жа­рия­­лау жайында манифест қабылдаған бо­латын. Міне, сондықтан да бұл атаулы дата – қазақ елінің бірлік пен татулықтың жар­шы­сы екендігін ескертіп тұратын тарихи күн! Жыл сайын тың талпыныстармен, жаңа нәтижелермен аталып өтілетін Рухани келісім күні еліміздің осы бағытта орасан жұмыстары мен халықаралық деңгейде түрлі шаралардың ұйытқысы болуына жол бас­таған еді. Осы ширек ғасыр ішінде елі­міздегі этностардың ауызбіршілігі мен дос­тығы жас мемлекетімізді күрделі кезең­дер­ден сүрінбей өтуге жәрдемдесіп, ел дамуына ерекше екпін беріп келеді. Бүгінде тәуелсіз еліміздің тек Еуразия­лық кеңістіктегі тұрақтылық пен тыныш­тыққа сақтап қана қоймай, әлемдік діндер арасындағы диалог орталығына айналғанын мақтанышпен айта аламыз. Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің елор­дамызда осымен, бесінші рет өткізіл­гені де біз үшін асқан абырой! Ата-бабамыздың жолынан айнымай, араздасқанның арасын, жанжалдасқанның жағасын бүтіндеп, бітімгер болудың, тату­лық пен тыныштықтың тұрақтылығын сақ­тау – халқымыз үшін қашан да биік са­нат. Данышпан Абай атамыз өз өлеңінде мынадай өсиетін қалдырған: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп». Баба нақылына бағынған ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарардай бірлігі, ең алды­мен, адамдардың рухани үндестігі мен үйле­сімділігінде жатқан жоқ па?! Тәуелсіз елі­міздің таңы күліп атып, көк аспанында көгер­шіні еркін қанат қаққан мамыражай күні­міздің де түпкі тірегі татулығымыз бен бір­лігімізде жатыр. 

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста