Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Тамыры бір түркі жұртының жырлары жаңғырған күн

  • Тамыры бір түркі жұртының жырлары жаңғырған күн

    Тамыры бір түркі жұртының жырлары жаңғырған күн

Түркі халықтарының жыршылары Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлi өнер театрында өткен халықаралық «Ұлы дала елi» фестивалiнде бас қосты. Жыр сайысына Қазақстанның, Қырғызстанның, Қарақалпақстанның, Өзбекстанның жыршылары қатысты. Бұл шара биыл Астананың 20 жылдық мерейтойына арналып өткізіліп отыр. Фестивальдің басты мақсаты түркi халықтарының ежелгi мұрасы – жыраулық дәстүрдi жаңғырту.

Жыршылар ұлы даланың екпінді эпостық жырларын сахына төрінде төгілте орындады. Бұл күн түркі жұртының көне жырлары жаңғырған күн болды.

Ғалымдардың, өнерзерттеушілерінің айтуына қарағанда жыраулық дәстүрдің тамыры Күлтегін, Тоныкөк, Орхон Енисей жазуларынан, сына тасқа қашап жазылған Естеміс-Бұмын қағандарға арналған мадақ жырларынан бастау алады екен. Осы мәдени мұраларымыздағы сөз қолданыстары жыраулық өнердің негізі деуге болады. Олардан кейін Қорқыт ата, Сыпыра жырау, Кетбұға, Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған, Үмбетей, Бұқар жыраулар болып ұлы даланың дәстүрлі өнері жалғаса береді.

Ұйымдастырушылар бұл шара жылдан-жалға дамып, ауқымы кеңейіп, мазмұны мен мағынасы тереңдеп келеді дейді. Биылғы қатысушылар жеті минуттан бiр жарым сағатқа дейiн созылатын эпостарды жырлады.

– Жыр додасына келген он төрт қатысушы «Манас» жырын, «Текей батыр», «Алпамыс» дастандарын орындады. Қырғызстандық әйгiлi жыршы Доолетбек Садыков «Манас» эпосын, Өзбекстаннан келген Абдыназар Поянов «Алпамыс» эпосын жырлады. Ал, Қарақалпақстаннан Динара Нұратдинова атты жас бақсы келдi. Түркi халықтарына ортақ жыраулық дәстүр фестивалiнiң Алматыда өтуi тегiн емес. Жетiсу жерiнде көшпендi халықтың табанының iзi қалған. Ежелден келе жатқан жыраулар поэзиясы бүгiн де маңызға ие, – дейдi фестиваль ұйымдастырушыларының бiрi, қазақстандық жыршы Ұлжан Байбосынова.

Жыршының айтуынаша бұл дәстүр Қазақстанның оңтүстiк пен батыс аймақтарында сақталған екен.

– Жыршылық өнер Қызылорда облысында жақсы дамыған. Ол жақта жыршылық өнерi атадан балаға, ұстаздан шәкiртке берiліп жалғасады. Маңғыстау өңірінде де бұл дәстүр жақсы сақталған. Алматы қаласына қарасты Жетiсу ауданында жас өскінге түркi халқықтарының музыкасын үйрететін, насихаттайтын орталық жұмыс істейді, – дейдi жыршы.

Тамыры тереңнен тартылған дара өнердің серпілген, жаңғырған күні болды бүгін. Осындай мәдени шаралар арқылы бауырлас елдердің ынтымағы мен бірлігі арта түсері сөзсіз.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 13:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 16:31
    Туған тілім – тірегім!
    17 Тамыз, 10:36
    Тіл үйрету тегін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30