Ұлттар достығы фильмде көрініс тапты

Ұлттар достығы фильмде көрініс тапты

 Қазіргі таңда ақпарат құралдарында, телеарналарда Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме, сұхбаттар, көрсетілімдер, фильмдер жиі беріле бастады. Өйткені, оның өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді. Таяуда еліміздегі халықтар достығын дәріптейтін оқиға 20 сериялық «Туған жер» телехикаясы Алматы қаласының маңында түсірілді.

Ұлы Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасы бар емес пе. Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты қадірлейді. Еліміздің қай өңірінде болса да түрлі ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Әсіресе, еліміздің мәдени астанасы, ірі қаламыз Алматыда 140 ұлттың барлығы дерлік шоғырланған. Көне қала ұлттар достығына қатысты талай тарихқа куә. Осындай оқтиғалардың бірін режиссер Елдар Қапаров «Туған жер» телехикаясына арқау етті. Фильмнің продюсері Әлия Уәлжанова.
Фильм желісі бойынша Алматының іргесіндегі көпэтносты шағын кентте корейлік Шиндер отбасы тұрып жатады. Олардың үлкен ұлы Родион Кореяға қоныс аударуды армандайды. Ал, әке-шешесі сияқты Қазақстанға жан-жүрегімен берілген кішісі Костя болашағы да, бақыты да осы жерде деп біледі. Ол Ирина Джен есімді қызға үйленгісі келеді. Алайда, жазмыштан озмыш жоқ.
Иринаны шұғыл түрде Кореяға жеткізіп, ота жасату қажет болады. Родион отбасына жәрдем беруден бас тартады. Ал, емге қажет қаржыны көршілер – қазақтар, немістер, шешендер, орыстар, ұйғырлар - көптеп-көмектеп жинап береді...

Өзінің тарихи отанында бақыт таппаған Родионның бағы жанбайды. Есесіне, Қазақстанды туған жеріндей көріп, төскейін емгендердің күш-қуаты артып, көсегесі көгереді.
«Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды». Телехикаядағы оқиғалар желісі арқылы осы сезімнің тереңіне сүңгисің. Картинада танымал қазақ актерларымен бірге корей, неміс театрларының актерлері де бой көрсетеді. Солардың бірі кезінде тарихи отанына кетіп, ендіь Қазақстанға екі бірдей немересін іздеп келіп, осындағы ұлттар мен ұлыстардың шынайы татулығы арқылы өміріне мән тапқан Василий Ли пөліндегі Олег Сафронов.
«Кинодан бөлек өзім туралы айтар болсам, мен Өзбекстанда дүниеге келгенмін. 1970 жылдары Алматыға келіп 3 бірдей оқу орнын бітірдім. Мен мұндай мүмкіндіккке басқа елде қол жеткізе алмас едім. Театрда бас режиссер болып жұмыс істеп келемін, 1971 жылдан бері киноға да түсіп жүрмін. Осынша жетістікке жету басқа бірде бір елде мүмкін емес деп айтар едім», дейді Олег Сафронов.
Фильмдегі басты рөлдердің бірі белгілі қазақ актеры Азамат Шарғын ойнайды. Қазақ отбасында тәрбиеленген, жүрегі мейірімге толы, өте әділетті, қажет жерде дұрыс шешім қабылдай алатын ұяң жігіттің образын сомдау өзім үшін қызық болды дейді актер. Бауыржанның анасы, бір әулетттің қамқор анасын, мейірімді әже, кемеңгер ене Әминаның рөлін Гүлназид Омарова ойнады.
Телехикаяны таяуда ұлттық арна көрермендері тамашалады, көпшіліктің көңілінен шықты.

on.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста