Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Ұлттар достығы паш етілді

  • Ұлттар достығы паш етілді

    Ұлттар достығы паш етілді

Бірлік мерекесіне арналған іс-шара қаламызда жылда бір айға шейін тойлана береді. Осы орайда жақында Алматы қаласы Наурызбай ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ұлттар достығы» атты көрме-байқауы өтті.

№176 мектеп-гимназияда жүзеге асқан шарада аудандағы мектеп-балабақшалар бірігіп, ынтымақ-бірлігі жарасқан еліміздегі ұлттардың салт-санасын паш етті. Олар ұлттық киім, ата-дәстүр, тағам мәзірі, қол өнер бұйымы аталымдары бойынша бақ сынасты.


Салтанатты жиынды Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Балтөре Пірәлиев ашып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.

– Дана халқымыз «ырыс алды – ынтымақ» дейді. Тәуелсіздіктің көк туы көтерілген күннен бастап Елбасының сарабдал саясатының арқасында халқымыз бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруде. Қазақ халқы 140- тан астам ұлт баласын тіліне, түріне, дініне қарамай бауырына басты. Бірліктің арқасында бүгінгі жетістіктерімізге бірге қол жеткіздік. Қазақстан – қанатының астына өзге ұлт өкілдерін ұйыстырған қасиетті шаңырақ, киелі мекен. Олай болса, біз үшін бұл мерекенің орны ерекше. Осы себептен де жылдар бойы ынтымақ пен бірліктің қадірін жоғары бағалай білдік. Дана жұртымыз «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп тегін айтпаған. Бүгінгі бейбіт өмір, экономикалық табыстарымыз, халықтың жоғары әл-ауқаты, барлығы да бірлік пен ынтымағымыздың арқасында. Елбасымыз Қазақстан халқын бір атаның баласындай ұйыстырып, жаңа белестерге жетелей білді. Жуырда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Онда Ұлт көшбасшысы ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісімнің біздің жетістіктеріміздің басты кепілі екенігін тағы да бір рет атап өтті. Олай болса, ырыс пен құт дарыған Қазақстан жасап, жайнай берсін! – деп атап өтті. 


Одан кейін «Ұлттар достығы» көрме-байқауының қазылар алқасы ортаға шақырылды. Алматы қаласы әкімі жанындағы қоғамдық келісім директоры Жанат Мұрынова, аудан әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, ресми интернет-ресурсының редакторы Сәлима Жақыпбайқызы, ауданның Құрметті тұрғыны, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Дария Сарқытбаева, республикалық «Алтын қалам» әдеби байқауының жүлдегері Беркін Әкебаев, Әділет басқармасының басшысы Талғат Тойбаев, Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Шыңғыс Әшірбеков жеңімпаздарды анықтап, үздік шыққан үш жүлдегерді жариялады. І орынды қазақ ұлтының тұрмыс-салтын көрсеткен – №45, 172 балабақшасы иеленді. ІІ орын «Құлыншақ», «Нұрбөпе», «Балдария-2», «Ақбота-2», «Ерсінтай», «Айжан-Ырыс», «Балдарын», «Дария», «Балапан», «Нұрдария» балабақшаларына бұйырды. ІІІ орынды №176 мектеп-гимназиясы еншіледі.


Жанат Мұрынова әр қазақстандық үшін айтулы мерекенің маңыздылығына тоқталып, Ассамблея атынан барлық байқауға қатысушыларға сый-сияпат жасады. Дария Сарқытбаева жергілікті халыққа үлкен көңіл бөліп отырған аудан әкімі Сайран Тәпенұлы Сайфеденовке алғыс білдіріп, Беркін Әкебаев тәрбиелік жұмыстардың жиі ұйымдастырылатын тілге тиек етті. Талғат Тойбаев осындай шаралардың ұлттар мен ұлыстарды жақындастыра түсетінін жеткізіп, Сәлима Жақыпбайқызы шараның мақсаты – көпұлтты мемлекетіміздің саяси идеялық бірлігі мен татулығын насихаттау екенін түсіндірді. Жүлдегерлерге аудан әкімі атынан бағалы сыйлықтар тапсырылды. Соңы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концертімен жалғасты. Сондай-ақ «Салтанат» би ансамблі, «Зоре Алатау» хоры, «Алматы» джазбенд ұжымы, «Колхи» ансамблі, Ләлә Бақытнұрқызы, Біржан Бәзілжанов және басқалар өнер көрсетті.


 




Көрілген: 101    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.05.2018, 00:56

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
16 Мамыр, 12:50
Төбемізде бір аспан
7 Мамыр, 18:05
Ұлттар достығы
19 Сәуір, 12:11
Имамдар бас қосты

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31