Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр

Ұлты бөлек болса да, сарбаздардың қазақ тілін білуге құштарлығы басым

  • Ұлты бөлек болса да, сарбаздардың қазақ тілін білуге құштарлығы басым

    Ұлты бөлек болса да, сарбаздардың қазақ тілін білуге құштарлығы басым

 Бірлігі бекем, татулығы жарасымды елдің әскери қызметшілері Қазақстанның ынтымағы артқан, бірлігі бекем екендігін үнемі дәлелдеп келеді. Баршаға мәлім, еліміздің әскер  құрылымы да мемлекетіміз секілді түрлі ұлт өкілдерінен құралған. Елдің тыныштығын, халықттың қауіпсіздігін күзететін сарбаздарымыз бір атаның баласындай борыштарын адал атқарып келеді десек қателеспейміз. Қазақтсанның түкпір-түкпіріндегі әскери оқу орындары мен мекемелер елімізде өтетін әрбір шараға белсене атсалысады. 


Қазақ тілінің қолданыс ауқымын кеңейту барша қазақстандықтардың міндеті. Бұл мақсат ойдағыдай іске асып жатыр да. Оған мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері дәлел. Ондай үлгілі жандар осы әскери ұжымда да аз емес. Бұл - ынтымағы жарасқан қазақ елінің сындарлы тіл саясатының жемісі болса керек.


Біздің сарбаздарымыз бүгінде білімді, жан-жақты әрі өнерлі. Осындай жастарды тәрбиелеп отырған әскери оқу орындары елімізде мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне мүмкіндік туғызып отыр. 


Алматыдағы ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында түрлі ұлт өкілдерінен құралған әскери қызметшілердің арасында қазақ тілін білуден түрлі сайыстар жиі өткізіліп тұрады. Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөзінің мәлімдеуінше, әскери құрылымға қарасты Шымкент, Тараз, Қызылорда қалалары мен Алматы облысының Ұзынағаш аулынан шақырылған ұландық сайыскерлер шараға үлкен дайындықпен келеді. Сайысқа 


Айталық, Алматыда өткен осындай сайыстардың бірінде мақал-мәтел айтудан жарысқа түскен әскерилер арасында сержант Александр Щелоков қатарластарынан оқ бойы озып шықты. Ол өзін таныстыруда да домбыраны айтыстың мақамымен шертіп, көрерменді бірден баурап алған. Шымкенттен келген әзербайжан ұлтының өкілі сержант Нұраддин Мұстафаев қазақтың салт-дәстүрін терең ойлы сөздермен жеткізіп, парасатты қазақ ер-азаматының тұлғасын көрсете алды. Ал сайыскерлер ішіндегі ең жасы қатардағы Александр Мамыкинге төтеп берер қарсылас болмады. Александрдың сөз саптауы, ой қорытуы, таным-түйсігі мен білімі артымызда келе жатқан жас толқын ұрпақтың шығар биігін көрсеткендей. Ол осы шараның өзіне жаңа үлгі алып келді. Күні кеше, Отан қорғаушы күні жауынгерлік парадта шырқалған «Мен қазақпын» әнін рухтанып, арқаланып айтты. 


Қазақ тілін, дәстүрін, салтын, мәдениетін жақсы білетін өзге ұлт өкілдеріне, соның ішінде әскерилер көпшілікке үлгі. 


Айым Нұр 




Көрілген: 210    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.10.2018, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Қараша, 00:15
    Бірлік түбі береке
    19 Қыркүйек, 00:18
    Достық әні шырқалды...
    17 Қыркүйек, 16:31
    Туған тілім – тірегім!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31