Бокс

24 әлемдік сарапшы Головкинді орташа салмақтағы ең мықты боксшы деп мойындады

  • © Sports.kz

    © Sports.kz

Танымал Rhe Ring басылымы қазіргі таңда орташа салмақтағы ең мықты боксшыны анықтау үшін 24 сарапшы арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Sports.kz.


Комиссия құрамына әр саланың мамандары кірді. Олардың арасында бұрынғы боксшылар (Келли Павлик, Джерри Куни, Пол Малиньяджи), бапкерлер (Тедди Атлас, Пэт Бернс), журналистер мен телесарапшылар (Эл Бернштейн, Харольд Ледерман, Брайан Кенни, Дэн Рафаэль, Рон Борхес, Норм Фрауэнхайм, Майкл Розенталь, Том Джербази, Рэнди Гордон, сондай-ақ, танымал ринг-аннонсер Майкл Баффер) және матчмейкерлер (Брюс Трэмплер, Рассель Пельц, Рон Катц, Майк Марчионте, Эрик Боттжер, Брэд мен Бобби Гудмандар, Дон Элбаум және Крейг Хамильтон) болды.


Талдаушылар Геннадий Головкиннің, Сауль Альварестің, Деметриус Эндрейдтің, Дэниэл Джейкобстың, Билли Джо Сондерстің, Сергей Деревянченконың және Джермалл Чарлоның қатысуымен өткен орташа салмақтылардың болжалды турнирлерінің жекпе-жектерінің қорытындыларын талдауды ұсынды. Барлығы 21 жекпе-жек. Әр болжалды жекпе-жек үшін боксшыға 1 балдан қосылды, тең түссе - 0,5 балл.


Дауыс беру нәтижесінде Головкин жеңіске жетті.


19 сарапшы оның «Канелоны» жеңетініне сеніп дауыс берді, Чарломен өткен жекпе-жектің болжалды жеңісінің балы - 18,5; Джейкобспен - 16, Эндрейдпен - 22, Сондерспен - 21,5, Деревянченкомен - 23ті құрады. Нәтижесінде GGG мүмкін 144 балдан 120 балл жинады.


Төменгі орындар мынадай:


2. Сауль Альварес - 101


3. Джермалл Чарло - 80


4. Дэниэл Джейкобс - 74


5. Деметриус Эндрейд - 53,5


6. Билли Джо Сондерс - 48,5.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 255    Пікірлер: 0

сенбі, 02.06.2018, 14:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31