Бокс

«Astana Arlans» Астанадағы финалдық кездесуді сәтті бастады

  • «Astana Arlans» Астанадағы финалдық кездесуді сәтті бастады

    «Astana Arlans» Астанадағы финалдық кездесуді сәтті бастады

Астанада Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалы өтіп жатыр. Бас жүлде үшін «Astana Arlans» пен Кубаның «Cuba Domadores» командалары таласуда, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 


Алғашқы жекпе-жекте ең жеңіл салмақ - 49 келіде Теміртас Жүсіпов пен Йоханус Аргилагос кездесті. Қазақстандық боксшы бірден алға шықты. Ол жекпе-жектің соңында сәл баяу қимылдағанымен, жеңісті қолдан бермеді. Барлық төрешілер өз шешімін Жүсіповтің пайдасына шығарды. Есеп - 3:0 (48:47, 48:47, 49:46). 


Айта кеткен жөн, Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалы екі сессиядан тұрады. Бүгін тағы тоғыз жұп жұдырықтасады. WSB-дің қазіргі чемпионы - «Cuba Domadores». Ал астаналық команда бұған дейін чемпиондық атақты екі рет жеңіп алған болатын. Бүкіләлемдік бокс сериясының 7 маусымы ішінде «Astana Arlans» осымен төртінші рет финалға шығып отыр. 


Биыл олар өз тобында ең мықты қарсыластар - «Patriot Boxing Team», «Uzbek Tigers» пен «China Dragons» командаларымен кездесіп, өзбектерге қарсы болған турнирде бір рет қана ұтылды.




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

сенбі, 15.07.2017, 16:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31