Бокс

GGG мен Canelo тең түсті

  • © MMA Fighting

    © MMA Fighting

Бүгін WBA (Super), WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) көптен күткен жекпе-жегін өткізді. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылған бокс кешінде Triple G мексикалық бокстың жарық жұлдызы - Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жұдырықтасып, орта салмақтағы үздіктердің үздігін анықтады, деп xабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.


Жерлесіміз бірінші раундтан бастап шабуылға көшіп, мексикалық боксшыны қыспаққа алды. Алайда Альварес те қарап қалған жоқ, артқа шегінсе де, қарымта соққыларын жасап жүрді. Кейінгі раундтарда екі боксшы да әдемі соққыларын дарыта білді. Джебтер де, аперкоттар да жасалды.


Бесінші раундта Головкин өз қарсыласын бұрышқа тіреп, сериялық соққыларын жасады. Алайда Альварес түк болмағандай басын шайқап жүрді. Сосын алға қарай атылып, шабуылға ұмтылды. GGG оны тағы да бұрышқа қарай тықсырды. "Канело" қарымта шабуылдармен жауап беріп отырды. Головкиннің барлық джебтері діттеген жеріне жетті.


Альварес болса, бірнеше ауыр аперктотын жасап үлгерді. Ал оныншы раундта GGG ауыр екі соққыны өткізіп алды. Дегенмен, бірден жинақталып, өз шабуылын жалғастырды. Соңғы раундта мексикалық боксшы өз қарқынын үдетті. Сериялық соққыларын да іске асыра білді.


Алайда Головкин де қайтқан жоқ. Барлық соққыларды қабылдап, ашық бокстасуға шақырды. Сөйтіп, толық 12 раунд бойы бокстасып шықты.


Айта кетейік, аталған жекпе-жекті Геннадий Головкин ғана емес, барша бокс жанкүйерлері ұзақ күтті. Ал осыдан екі жыл бұрын "Канело" танымал боксшы Мигель Коттоны жеңіп, WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғанда Головкинді өзі жекпе-жекке шақырды.


Дегенмен, артынан бұрынғы промоутерлік компаниясы арасындағы сот дауын сылтауратып, өз уәдесін орындауды ұзартып жіберді. Сол кезде WBC ұйымы оны GGG-ге қарсы жекпе-жек өткізуге міндеттеді. Альварес көп ұзамай, чемпиондық атақтан бас тартты. Сол үшін мексикалық жанкүйерлердің қаһарына ұшырады.


Ал Геннадий Головкин WBC белбеуін жекпе-жексіз иемденді. Биыл "Канело" қазақстандық боксшыны екінші рет ресми түрде жұдырықтасуға шақырып, өз сөзінде тұрды. Алайда бұл жекпе-жекте WBC атағы үшін таласпайтынын мәлімдеген болатын. Айта кетейік, төрешілер шешімі бойынша екі боксшы да тең түсті.


 


 




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.09.2017, 10:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31