Бокс

GGG мен "Канело" екінші жекпе-жегі мүлдем өтпей қалуы мүмкін

  • © Vesti.kz.

    © Vesti.kz.

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті өткізу мүмкіндігі нөлге тең екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Қазір осы жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкіндігі - "өлі күйде". Олардан жауап күтеміз деп 5-6 апта уақыт жоғалтып алдық. Алайда сонша уақыттан кейін қайтып оралғанда, олардың көтерген мәселесі қорлау болып саналады. Олардың сұраныстары тым күлкілі. Біз ары қарай жылжимыз. Меніңше, Головкин екінші жекпе-жек өткізуге қорқады", - деп жазады BoxingScene Гоместің сөзін.



Сондай-ақ, қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер келіссөздер барысында түсінспеушіліктің неден шыққанын айтты. Оның айтуынша, басты мәселе - қаражатқа келіп тірелген. Бұл жерде GGG жекпе-жектен түскен табысты 50-де 50 бөлісуді ұсынған, ал мексикалық боксшы 65 пайыз сұрап отыр. Бірінші жекпе-жекте гонорар 70-те 30 болып мексикалықтың пайдасына көбірек шешілген еді.


"Головкиннің бар айтқаны: "Мен табыстың 50-де 50 болғанын қалаймын. Мен чемпионмын". Бірінші жекпе-жекте барлығына көндік, аз пайызын алдық. Головкин өзінің құндылығын қанша дәлелдесе де біз қаншама ұсыныстарға көндік. Алайда Альварес, неге екені белгісіз, табыстың көп пайызын алғысы келеді екен. Геннадийдің ойынша,бұл әділ емес. Чемпион небәрі 35 пайыз ғана алмауы тиіс", - деді BoxingScene.com Леффлердің сөзін.



Осыған дейін мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкинді ұзақ уақыт бойы күте алмайтындарын және басқа да кандидаттарды қарастыратынын айтқан еді. Олардың бірі Головкиннің бұрынғы қарсыласы - америкалық боксшы Дэниел Джейкобс. 





Көрілген: 222    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30