Бокс

Golden Boy Сауль "Канело" Альварестің келесі кездесуі қашан өтетін жариялады

  • © Golden Boy Promotions

    © Golden Boy Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (370-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) командалары екінші кездесуді ұйымдастыру туралы келіссздерді жалғастыруда. Вoxingscene.com порталының мәліметі бойынша, егер екі тарап келісімге келетін болса, жекпе-жек келер жылдың 5-мамырында өтеді.


"Канелоның" келесі кездесуі 2018 жылы 5-мамырда сенбі күніне тура келетін Синко де Майо мерекесінде өтеді. Біз Альварестің Головкинмен екінші кездесуін наурыз айында өткізгіміз келген. Сонымен қатар біздің басқа да жоспарларымыз болған. Бірақ "Канело" тек қана Синко де Майо мерекесінде өткізу керек екенін айтты", - дейді Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес.


Бұл екі боксшы арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста өтуі әбден мүмкін. Бірақ жекпе-жекті қабылдауға Даллас пен Нью-Йорк қалалары да үмітті.


Еске салайық, "Канело" мен Головкин арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша тең нәтиже тіркелді. Осылайша Головкин өзіне тиесілі орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерін сақтап қалды.


vesti.kz


 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.11.2017, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31