Бокс

Qazaq – Қанат Ислам Қазақстанды 25-інші жеңісімен қуантты (видео)

  • Qazaq – Қанат Ислам Қазақстанды 25-інші жеңісімен қуантты (видео)

    Qazaq – Қанат Ислам Қазақстанды 25-інші жеңісімен қуантты (видео)

 «EXPO-2017 ASTANA» көрмесі аясында Астана қаласында Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек мәресіне жетті, деп жазады Qamshy.kz. Отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қорғады.


Қанат Ислам әдеттегідей шаршы алаңға «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі жетекшісі Біләл Қуаныштың әні, «Қамшының» гимні «Дүр Қамшы» әнімен шықты.



Үшінші раундтың соңғы секундында Қанаттың сәтті бір соққысынан Брэндон есеңгіреп-ақ қалды. Ал, жанкүйер жұрттың қызу қолдауы Астана аспанын шарлап кетті. Төртінші раундта да Қанат жиі шабуылдады. Дегенмен Брэндон есін жиып алды. Ал, бесінші раунд бастала сала Қанаттың сол жақ қолымен соққан соққысы қарсыласының иек астынан тиіп, керме арқанға шалқала құлатты. Екі нокдаун алса да Брэндон төзімділігін дәлелдеді.


Сегізінші раундта Брэндон үшінші рет нокдаун алды. Қанат Ислам соққысын үдеткенімен қарсыласы құшақтап алып, раунд аяқталды. Тоғызыншы раунд бастала сала соққысын үдеткен Қанатқа төреші даусыз жеңісті сыйлады.



«Qazaq» лақап атымен шығып жүрген жерлесіміз Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) 8 қыркүйекте жаңартылған рейтингінде екінші орында.


Ал, Қанат Исламның кездесудегі қарсыласы жанкүйерлеріне Bad Boy, яғни "жаман бала" атымен танымал. Брэндон Кук болса WBA рейтингінде - 5 орында орналасқан. Канадалық боксшының промоутері Тайлер Бакстон атап өткендей, Брэндон жеңістен үмітті болды, рингке «кіммен, қайда шықса да» жұдырықтасуға дайын екенін айтқан.


13 қыркүйек күні 33 жасқа толатын қандасымыз Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысып, сол уақыттан бері ешкімге дес берген жоқ. Ол өзі өткізген 24 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 20 рет қарсыласын нокаутқа түсірді.


Оның соңғы жекпе-жегі Норберто Гонсалеспен мамыр айында АҚШ-тың Флорида штатындағы Бока Ратон қаласында орналасқан «Boca raton resort & club»-та кездесуі. Майталмандар WBO NABO және WBA Inter-Continental вакантты титулы үшін таласты. Қанаттың 24-інші кездесуі өткен кеште Жанқош Тұраров 21-інші жеңісіне жетті.


Жерлесізміз Қазақ жерінде осымен екінші рет жекпе-жек өткізіп отыр. Ол 22-інші кездесуін Алматыда өткізген болатын. 2016 жылдың айтулы оқиғаларының бірі ретінде есте қалған, 29 қазан «Алматы аренада» өткен бәсекеде Қанат Ислам қарсыласы Патрик Аллотейді ұпай санымен жеңді. Өткен жылдың ең маңызды спорттық оқиғасында Қанаттан бөлек, Жанқош Тұраров та бәсекелесі Айсак Ариені (Гана) 4 раундта жайратып салған еді.


Әрбір жекпе-жегін жастар асыға күтетін Қанат Исламның биылғы алғашқы жекпе-жегі әрі 23-кездесуі ақпан айында Американың Делавэр штаты Уилмингтон қаласында бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жек жасаған болатын. Ойын бастала сала жерлесіміз қарсыласын бір минутқа жетпес уақытта-ақ нокаутқа жіберген еді.


Өзінің ашық жаттығуы аясында Қанат Ислам тілшілерге берген сұхбатында «Біздің жаттығу лагеріміз керемет болды. Өз-өзіме сенімдімін және жеңіске жетуге дайынмын. Алда болатын жекпе-жекті тағатсыздана күтіп жүрмін. Бұл – менің үйім және мен жеңемін», – деген еді.


Жекпе-жекің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шықты.


Кештің алғашқы жекпе-жегін Мейірім Нұрсұлтанов пен бразилиялық Исмаэль Буено бастап, кәсіпқой рингте 3 жекпе-жек өткізіп, екеуін жеңіспен аяқтаған жерлесіміз алғашқы секундтарда-ақ, қарсыласын тықсырып тастады.


Екінші болып шаршы алаңға көтерген Димаш Ниязов Эдуардо Перейра дос Рейшпен қолғап түйістіріп, қарсыласын төрешілердің берген бағасы бойынша 2:1 ұпай санымен жеңді.


Үшінші болып шаршы алаңға Айдос Ербосынұлы мен Аргентиналық қарсыласы шыға сала қуалап жүріп сабады.


10 раундтан тұратын төртінші жекпе-жекке 20 боксында 18 жеңісінің 7-сін нокаут жасаған америкалық Томас Джастин Берилл мен қандасымыз Әли Ахмедов шықты. Әли Ахмедов 8 раундта қарсыласын 2 рет құлатып, жеңіске жетті.


Қанат Исламмен бірге бір ай дайындалған Нұрсұлтан Жаңабаев шыға сала Алекс Сандро Дуартені ұрып құлатты. Нұрсұлтан Жаңабаев алғашқы кездесуінде-ақ WBA чемпиондық белдіктерінің бірін иеленген.


Алтыншы жекпе-жекте Руслан Мырсатаев пен Андрес Матиас Аффраниль шығып, қарсыласы Русланның соққысына шыдаймай 4 раундта соққыға шыдамай серейіп құлады.


Шаршы алаңның жетінші жұбы 2013 жылғы әлем чемпионы, Рио олимпиадасының қатысушысы Жәнібек Әлімханұлы мен Жильберто Перейра дос Сантос та жерлесіміздің пайдасына шешілді.


Соңғы болып шыққан Жанқош Тұраров алғаш рет 10 раунд бойы бокстасып қарсыласын ұпай санымен жеңді.


Кейінірек сұхбат берген Жанқош Тұраровтың 6-ыншы раундта қолын сындырып алғаны белгілі болды.


Бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.


Анонс бере кетсек, Қыркүйек айында бүгінгі күннен бөлек қазақстандық жанкүйерлерді 16 қыркүйектегі Головкин мен Альварес арасындағы тағы бір жекпе-жек күтіп тұр. Бүгін екінші рет әке атанған 35 жастағы Головкин алдағы жекпе-жегінде WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарын қорғайды.


АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы 20 мың орындық T-Mobile аренасында 16 қыркүйек күні өтетін бокс жылдың басты оқиғасы болмақ. Жекпе-жек Астана уақытымен 17 қыркүйек, яғни жексенбінің таңында өтеді. Головкин – Альварес бокс кешін трансляциялауға құқық алған Qazaqstan мен QazSport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, Аталған бокс 130 елде көрсетіледі.


Qamshy.kz


 




Көрілген: 893    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.09.2017, 00:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31