Бокс

WBC жылдың үздік боксшысын анықтау үшін дауыс беруді бастады

  • ©: sg.news.yahoo.com

    ©: sg.news.yahoo.com

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өзінің ресми сайтында жылдың "Үздік боксшысы" мен жылдың "Үздік жекпе-жегін" анықтау үшін дауыс беруді бастады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


"Үздік боксшы" атағына үміткерлер қатарына алты боксшы таңдалған. Олар - қазақстандық Геннадий Головкин, тай Срисакет Сор Рунгвисаи америкалық боксшылар Майки Гарсия, Теренс Кроуфорд, Джермелл Чарло мен Деонтей Уайлдер бар.


Сонымен қатар 2017 жылдың "Үздік жекпе-жегі" атағына үміткерлер де белгілі. Олардың қатарында қыркүйек айында Лас-Вегаста өткен Головкин мен "Канело" кездесуі де бар.


Өз дауысыңызды WBC ресми сайтынан, яғни мына cілтемеге өтіп бере аласыздар.


Еске салайық, қазіргі уақытта Головкин орта салмақта WBC белбеуінің иегері. Бұл жылы отандасымыз бұл белбеуін екі рет сәтті қорғады. Тарқатып айтсақ, наурыз айында америкалық Дэниэль Джейкобс пен қыркүйек айында Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткен кездесулерде қазақстандық боксшы белбеулерін сақтап қалды.

 




Көрілген: 204    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 07.12.2017, 13:40

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
11 Қараша, 22:03
Кіл мықтыда кім мықты?
17 Қыркүйек, 10:21
GGG мен Canelo тең түсті
14 Қыркүйек, 23:18
GGG туралы 37 факт

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31