Бокс

Әлем чемпионаты: 28 тамызда қазақстандық боксшылардан кімдер айқасады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

28 тамыз күні Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында өздерінің жекпе-жектерін қазақстандық үш спортшы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


Атап айтқанда, 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов италиялық Винченцо Манджакапремен, 91 келіден астам салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев неміс Макс Келлермен, сондай-ақ 81 келіде Ерік Әлжанов австралиялық Клэй Уотерманмен кездеседі.


Айта кетейік, 27 тамыз күні Әлем чемпионатында айқастарын өткізген 4 спортшымыз - Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін), Жомарт Ержан (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі) пен Василий Левит (91 келіге дейін) қарсыластарын жеңіп, ширек финалға өтті.


29 тамызда Жомарт ресейлік Василий Егоровпен, Қайрат неміс Омар Эль-Хагпен, Әбілхан кубалық Арлен Лопеспен, Василий австралиялық Джейсон Уотелимен қолғап түйістіреді.


Үш спортшымыз - Азамат Исақұлов (52 келі) пен Әділет Құрметов (60 келі) пен Бекдәулет Ибрагимов (64 келіге дейін) турнирдегі жарысын аяқтады.


25 тамызда басталған Бокстан әлем чемпионаты тоғыз күнге жалғасып, 2 қыркүйек күні мәреге жетеді. Қазақстан құрамасы барлық 10 салмақ дәрежесінде сынға түсетін болады. Олар - 49 келі салмақта Ержан Жомарт, 52 келі салмақта Азамат Исақұлов, 56 келі салмақта Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Ерік Әлжанов, 91 келіде Василий Левит және аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев. Байрақты додада әлемнің 85 елінен 280 боксшы бақ сынауда.


 


 




Көрілген: 746    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.08.2017, 08:53

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
17 Қыркүйек 2017
GGG мен Canelo тең түсті
14 Қыркүйек 2017
GGG туралы 37 факт

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30