Бокс

Әли Ахмедов жекпе-жектен кейін не үшін қарсыласының қолын алмағанын түсіндіріп берді

  • Mario Rojas @MayitoHanso

    Mario Rojas @MayitoHanso

Жастар арасындаңы NABF (Junior) және WBC (Youth) белбеуінің иегері 22 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов Vesti.kz порталының тілшісіне америкалық ДеШон Уэбстермен (9-1, 6 КО) өткізген кездесуден кейін не үшін қарсыласының қолын алмағанын түсіндіріп берді.


- Әли, жеңіс құтты болсын. Бір нәрсе сұрағымыз келіп тұр. Жекпе-жектен кейін қарсыласыңыз сізді құттықтағысы келген еді. Бірақ құттықтай алмай қалды. Неге?


- Шын мәнінде барлығы сіздер ойлағандай болған жоқ. Қарсыласым менің жеңімпаз ретінде таныстырған кезде қолымды алмады. Содан соң жүргізугі менің есімімді айтып жатқан кезде ол мені келіп, құшақтай бастады. Мен де оның қолын алғым келген еді. Бірақ төреші менің қолымды ұстап тұрды. Ол сәтті телеарна мен фотокамералар түсіріп жатты. Қарсыласым мені әдейі істеп жатыр деп, өз-өзін дұрыс ұстай алмады. Ал төреші мені итеріп жіберді.



Америкалық боксшы болса шешімді соңына дейін күтпей, кетіп қалды. Ол мені сыйлаған жоқ. Ол шешім шығармай жатып құшақтай бастады. Мұндай құттықтаулар негізі жекпе-жектен кейін болады.


- Қарсыласыңыз қарымды. Видеода да сол сізге бірнеше дәл соққы жасағаны көрініп тұр.


- Иә, қарсылас мықты боксшы болды. Ол Андре Уордтың спарринг қарсыласы. Сонымен бірге жаттығып жүрген боксшы.





Еске салайық, 22 жастағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов өткен сенбі күні америкалық ДеШон Уэбстерді жеңді. Бұл америкалық боксшының карьерасындағы бірінші жеңілісі еді.


 




 




Көрілген: 561    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.12.2017, 14:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31