Бокс

Альварес Головкинмен реваншқа келісімін берді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Golden Boy компаниясының президенті Эрик Гомес «Канелоның» Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге келісім бергендігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.


«Біз реванш бойынша нәтижелі келіссөздерді жүргізудеміз. «Канело» жекпе-жекке шыққысы келеді, ол бізге келісімді аяқтауға зор мүмкіндік. Келісімшарт бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Біздің негізгі мақсат - реванш. Енді тек кейбір түйінді мәселелерді ғана шешу қалды», - деді Гомес ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.


Оның сөзіне қарағанда, жүргізіліп жатқан келіссөздер жаңа жылға дейін жалғасы мүмкін.


«Біз Головкиннің өкілдерімен жұмыс істеуді жалғастыратын боламыз. Том Леффлер Германияда сапармен жүр. Ол GGG-мен сөйлесіп, бізге жауабын беретін болады», - деді Golden Boy өкілі.


Айта кетейік, Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің қарымта жекпе-жегі 5 мамырға жоспарланған.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 349    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.12.2017, 09:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек 2017
    GGG мен Canelo тең түсті
    14 Қыркүйек 2017
    GGG туралы 37 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30